20 ақпан 2020 13:59

ШҚО орталық ауруханасының бас есепшісі 7 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы орталық аурухананың бұрынғы бас есепшісі сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы орталық аурухананың бұрынғы бас есепшісі сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Денсаулық сақтау басқармасы "Шемонаиха аудандық орталық ауруханасының" бас есепшісі Дүсіповаға қатысты қылмыстық істі аяқтады.

"Ол өзінің есепшотына заңсыз қаржы аудару арқылы 92,5 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші бөлімінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров. 

Дүсіпова 13 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық сотының үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети