03 қыркүйек 2015 14:29

Шымкент ІІБ жаңа басшысы айып тұрағына 300-ден аса көлікті қойып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© joyreactor.cc © joyreactor.cc

Шымкенттің ішкі істер басқармасының жаңа басшысы айып тұрағына 300-ден аса көлікті қойып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкенттің ішкі істер басқармасының жаңа басшысы айып тұрағына 300-ден аса көлікті қойып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, қалалық ішкі істер басқармасының 36 жастағы басшысы Арман Бейсанбаев қала әкімі қызметіне Ғабидолла Әбдрахимов келгеннен кейін тағайындалған.

"Біздің алдымызда Шымкентті қалалықтар үшін де, қонақтар үшін де қауіпсіз ету туралы тапсырма бар. Біз мұны қатаң түрде жүзеге асырамыз", - деді Шымкенттің ішкі істер басқармасының басшысы, полиция полковнигі Арман Байсенбаев.

Таралған мәліметке қарағанда, Шымкент полициясы қаладағы заңбұзушылықтардың алдын алуға арналған шаралар кешенін бастап кетті. "Өткен аптада полиция қызметкерлері 4264 әкімшілік хаттама толтырды, оның ішінде қоғамдық тәртіпті бұзу бойынша 1198, жол қозғалысы ережесін бұзу - 3066. 309 автомобиль айып тұрағына қойылды, олардың 121-і эвакуатор көлігімен жүзеге асырылды", - деп атап өтті Шымкент әкімдігіндегілер.

Еске сала кетейік, 19 тамызда Ғабиболла Әбдрахимов Шымкент қаласына әкім болып тағайындалды. Қаланың бұрынғы әкімі Дархан Сатыпалды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне келді. Еске салайық, облыс басшысы 8 тамызда ауысқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети