24 ақпан 2015 09:59

Шымкентте 4 жасар қыздың өліміне күдікті бала күтуші әйелге қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыздың өліміне күдікті бала күтуші әйел. ©tv7.kz Қыздың өліміне күдікті бала күтуші әйел. ©tv7.kz

Шымкентте төрт жасар қызды ұрып өлтірген бала күтуші әйелге қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Ол қаза болған қыздың екі жасар інісін жәбірлегені үшін жазаланатын болады, - деп хабарлайды "Жетінші арна".


Шымкентте төрт жасар қызды ұрып өлтірген бала күтуші әйелге қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Ол қаза болған қыздың екі жасар інісін жәбірлегені үшін жазаланатын болады, - деп хабарлайды "Жетінші арна".

"Кішкентай Ерасылға дене зақымын келтіргені үшін прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі - "Қинау" бойынша қылмыстық іс қозғады, ол бапта жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бүгінгі таңда қылмыстық іске қатысты өндіріс аяқталды", - деп хабарлады Шымкенттің Абай аудандық прокурорының орынбасары Ермек Әйтімов. Барлық материалдар ювеналды сотқа жіберілді.

Облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне төрт жасар Аяжан мен оның інісі Ерасылдың түскені бұған дейін хабарланған болатын. Оларды бала бағушы әйелдің ұрғаны белгілі болды. Қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмады, ол бас миының жарақатынан көз жұмды. "Балалардың анасы Жайна оның балаларын қарау туралы Гүлшехра есімді әйелмен ауызша келіскен. Ол бала бағушы әйелдің қызметіне 70 мың теңге төлеуге уәде беріпті. Балалардың анасы басқа ауылда жұмыс істеп, балаларын Шымкентте қалдырған. Гүлшехра есімді әйел балалардың денесіндегі зақым анықталған кезде, өзінің әрекетін балалардың оның ашуына тигенімен түсіндірді", - деді Ермек Әйтімов.

Бала бағушы әйел уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұған дейін оның үстінен "Ауыр дене жарақатын салу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети