05 мамыр 2015 19:46

Шымкентте алып қашудың құрбаны болған қыз ақыры тұрмысқа шығуға келісім берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте алып қашудың құрбаны болған қыз ақыры тұрмысқа шығуға келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, алып қашу сәті видеоға түсіріліп, желіге жарияланған еді.


Шымкентте алып қашудың құрбаны болған қыз ақыры тұрмысқа шығуға келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, алып қашу сәті видеоға түсіріліп, желіге жарияланған еді.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі өзіне ұрланған қыздың телефон арқылы хабарласып, видеодан өзін көргенін және өз жағдайының жақсы екенін айтқанын мәлімдеді. Сөйтсе, ұрланған қыз ақыры өзін алып қашқан жігіттің біріне тұрмысқа шығуға келісім беріпті. Десе де, қыз қандай да бір мәлімет беруден тас тартып, дау тудырған видеоны өшіріп тастауды сұрапты. 

Ал Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері болса Tengrinews.kz тілшісіне зардап шеккен тараптан ешқандай да арыз түспегенін және видеоның зерттеліп жатқанын хабарлады. Олардың айтуынша, зардап шеккен тараптан арыз түспесе де тергеушілердің видеоны зерттеуді бастаған. 

Аты-жөнін жасырған қолданушы әлеуметтік желіде Шымкенттегі қыз алып қашқандар түсірілген видеоны жариялады. Алдымен instavideo_kaz парақшасында пайда болған жазбада екі жігіттің ақ түсті көлікке қызды күштеп отырғызғаны көрінеді. Ролик "ең қызық жерінен" үзіліп қалады. Видео Желіде пайда болғаннан кейін қоғамда дүрлігу туғызды. Қызды алып қашу көрінген видеоны жариялаған instavideo_kaz тобының хабарлауынша, оларға ұрланған қалыңдықтың туыстары оның екі күн бойы табылмай жатқанын хабарлаған. Куәгерлерден қыз жайлы мәлімет сұралды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети