14 тамыз 2015 08:51

Шымкентте жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Otyrar.kz © Otyrar.kz

Шымкенттің "Оңтүстік" ықшамауданында жарылыс болып, бір адам зардап шекті. Қолдан жасалған жарылғыш зат түскі уақытта жеке үйдің қақпасының маңында іске қосылды, - деп хабарлайды "Отырар".


Шымкенттің "Оңтүстік" ықшамауданында жарылыс болып, бір адам зардап шекті. Қолдан жасалған жарылғыш зат түскі уақытта жеке үйдің қақпасының маңында іске қосылды, - деп хабарлайды "Отырар".

Ер адам аяғынан жараланып, оны жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға әкетті. Куәгерлердің айтуынша, құрылғы іске қосылған үй де зардап шеккен. "Мен қатты дауысты естідім, үйдің терезесіне ұсақ тастар тиді. Далаға жүгіріп шықсам, бір жігіт жатыр. Жедел жәрдем шақырдым, олар жігітті ауруханаға әкетті", - деді куәгер.

Басылымның мәліметінше, бұл алғаш рет болып отырған жағдай емес. "Оңтүстік" ықшамауданында жарылыс болғаны туралы хабарлама бірнеше жыл бойы қатарынан түсіп келе жатыр. 2013 жылы жарылыс жасады деген күдікпен үш ер адам ұсталған. 2014 жылдың наурызында сот оларды кінәлі деп тауып, біреуін 13 жылға, қалған екеуін 14 жылға бас бостандығынан айырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети