10 наурыз 2017 11:08

Шымкентте жасөспірімнің өліміне қатысы бар делінген ер адам Жамбыл облысына қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvk-uko.kz © tvk-uko.kz

Бүгін, 10 наурызда Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің ІІБ қызметкерлері Шымкенттегі Ворошиловка ауылында болған атысқа қатысы бар делінген ер адамды Жамбыл облысы аумағында ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол ұсталып, өз кінәсін толықтай мойындап отыр.

Полицейлердің мәліметінше, атысқа бір-бірімен таныс адамдардың арасындағы жағымсыз қарым-қатынас себеп болған.

"Олардың барлығы Ворошиловка ауданында бір-біріне жақын тұрады. Сондай-ақ, полицейлер атысқа қатысы бар адамдардың барлығын анықтады. Төрт адам күдікті болып отыр. Олардың біреуі бүгін таңертең Жамбыл облысы Қордай ауданында ұсталды. Ол Шымкент қаласының 1991 жылғы тұрғыны, жұмыссыз, осыған дейін қарақшылық жасағаны үшін сотты болған. Кінәсін толықтай мойындап отыр. Полицейлер қалған күдіктілерді ұстауға қатысты шараларды қабылдады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкентте мектеп оқушысы қаза тапқан орынның жантүршігерлік суреттері мен видеосы жария болған еді.

Бейсенбіде, 9 наурызда сағат шамамен кешкі 17.00-де кеуде қуысына оқ тиген бала Орынбаев медициналық орталығына жеткізілген. Дәрігерлер оның өлімін тіркеген. Сонымен қатар, бытыралы оқ тиіп, жарақат алған тағы екі адам ауруханаға түскен. Олар 1995 және 1999 жылғы. Екеуінің де жарақаты орта деңгейлі. Қайғылы оқиға болған орынды арнайы қызмет қоршауға алған. Оқиға орнында сарапшы криминалистер жұмыс істеді. Қылмыстық тергеуге жедел-тергеу тобы құрылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети