15 сәуір 2015 12:41

Шымкентте "жүйкесін жұқартқаны" үшін төрт жасар қызды ұрып өлтірген әйел сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Шымкентте "жүйкесін жұқартқаны" үшін төрт жасар қызды ұрып өлтірген әйел сот алдына келді, - деп хабарлайды Otyrar.KZ


Шымкентте "жүйкесін жұқартқаны" үшін төрт жасар қызды ұрып өлтірген әйел сот алдына келді, - деп хабарлайды Otyrar.KZ

Сотталушы әйел төрт жасар қыз бен оның екі жасар інісін оңдырмай ұрып-соққан. Тергеу кезінде әйел бұған оны балалардың өздері кінәлі екенін мәлімдеді, оның айтуынша, балалар оның "жүйкесін жұқартқан". Айта кетейік, сотталушыға ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлімі, 1-пункті бойынша, яғни "Ауыр дене жарақатын салу" және 106-бабы, 3-бөлімі бойынша ("Қинау") айыпталып жатыр. 

Сот-психиатрлық сараптамадан бала бағушының балаларды саналы түрде, өз-өзіне есеп бере алатын жағдайда ұрып соққанын анықталды. Басылым балалардың алған жарақатынан дәрігерлердің өзі таңғалғанын жасыра алмағанын жазады. Облыстық балалар клиникалық ауруханасының хирургия жөніндегі бас дәрігері Болат Нұсқабаев қызға да, балаға да бірдей диагноздың қойылғанын айтты. "Миы шайқалған, ми жарақаты, мидың ішінде ісік, денелерінде көптеген жарақат, тері асты гематомалар, қатал қарау синдромы", - деді Нұсқабаев. 

Дәрігерлер қыздың өмірін сақтап қала алмады. Ол мина қан кетіп, үш күннен кейін қайтыс болды. Айта кетейік, бір бала мен қызды баққаны үшін 33 жастағы әйел ай сайын 70 мың теңге алып отырған. Қазіргі уақытта ол 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, осыған дейін төрт жасар қызды ұрып өлтірген бала күтуші әйелге қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети