07 сәуір 2015 21:32

Шымкентте үш ер адамға мектептің екі оқушысын зорлады деген күдік келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Otyrar.kz ©Otyrar.kz

Шымкентте үш ер адамға мектептің екі оқушысын зорлады деген күдік келді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Шымкентте үш ер адамға мектептің екі оқушысын зорлады деген күдік келді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Күдіктілер ұсталды. "Зорланған қыздардың айтуынша, оларды белгісіз үш ер адам зорлаған. Оларды ұстау бойынша шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта олар Шымкенттегі Қаратау аудандық ішкі істер бөлімінде түсініктеме жазып жатыр", - деді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі Салтанат Қаракөзова. 

Екі қыздың жоғалғаны туралы хабар полицияға 4 сәуірде түсті. Ал ата-аналар қыздарының мектептен 3 сәуірде келмегенін мәлімдеді. Шымкенттің Еңбекші аудандық полициясы арызды бірден қабылдағысы келмегендіктен, олар жоғалған қызды түні бойы өздері іздеген. "Полиция өкілдері демалыс күні екенін және іздестіру жұмыстарына дүйсенбі күні бірақ шығатынын айтты. Біз өзіміз іздестіре бастадық. Видеожазба тауып алдық, видеода үш ер адамның қыздарды таксиге отырғызып жатқаны көрінеді. Осы видео арқылы таксисті тауып алдық, кейін басты күдіктіні таптық. Оны ұстау үшін полицияға хабар бердік", - деді жоғалған қыздың туысы.

Айта кетейік, жоғалған қыздар тәртіп сақшыларының көмегінсіз табылды. Оларды саябақта өтіп бара жатқан әйел көріп қалған. Қыздар білек көктамырлары кесілген күйі ес-түссіз жатқан. Әйел жедел жәрдемді шақырады. "Әйел қыздардың сөмкелеріндегі күнделікті тауып, онда туыстарының телефон номерлерін анықтады. Әйел телефон соқты", - дейді туыстары. Кейін есін жинаған қыздардың айтуынша, олар сабақтан шыққан кезде белгісіз ер адамдар таксиге отырғызып, алып кеткен. Күдіктілер мектеп оқушыларын Шымкенттегі "Нұрсат" шағынауданындағы пәтерлердің біріне апарып, қамап тастаған. Сол күннен бері күдіктілер қыздарды зорлап келген.   

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Қыздардан жауап алынып жатыр. "Жедел уәкілдердің жүйкесі сыр бере бастады, қыздарға айқайлай бастады, қысым көрсетіп жатыр, қыздар мен олардың аналарын кабинетке алып кіріп, қамалып алды. Айқай естілді, қыздар ол жақта қорқып отыр, жылай бастады", - деді туыстары.

Осы дерекке сәйкес, ҚР ҚК 122-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптама белгіленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети