15 маусым 2015 18:48

Шымкенттегі жаңа туылған сәбилерді сату ісі: Тағы екі әйел қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sobesednik.ru © sobesednik.ru

Шымкентте жаңа туылған сәбилерді сату ісі бойынша тағы екі әйел қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбекші ауданының прокуратурасына сілтеме жасап. Еске сала кетейік, бұған дейін ОҚО №1 перинаталдық орталығында 2012-2013 жылдары жаңа туылған сәбилердің сатылғаны анықталған болатын.

"Қазақстанның екі азаматшасы ұсталды, жергілікті тұрғындар. Олардың жұмыссыз екені белгілі болды. Біз олардың медициналық қызметкер болғандары туралы деректі толық алып тастаймыз", - деді Еңбекші аудандық прокурорының орынбасары Досымхан Әйтішев. Әйелдердің нәрестелерді сату кезінде делдал болғаны анықталды. Балалы болғысы келгендер сол әйелдер арқылы медициналық қызметкерлерге шығып отырған. Прокуратурадағылардың айтуынша, олардың тізбегін толықтай анықтау әзірше мүмкін болмай тұр. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, ұсталған әйелдер перинаталдық орталықтың қызметкерлерімен тікелей таныс болмаған. Делдал әйелдер өз қызметтері үшін әр келісім жасалған сайын 50 мың теңгеден алған. Әйелдер кінәларын жартылай мойындады.

Бұған дейін нәрестелерді сатуға қатысқан перинаталдық орталықтың екі қызметкері ұсталған болатын. Тергеудің мәліметінше, олар белгілі бір уақыт ішінде баласыз отбасыларға, аналары босана салып бас тартқан сәбилерді сатып отырған. Сәбилердің құны 1-ден 3 мың долларға дейінгі аралықта болған. Қазіргі таңда осындай 10 дерек анықталды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети