30 қаңтар 2014 15:23

Сирияға баруға үгіттеген қазақстандық сырттай тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ақмола облысының тұрғыны азаматтарды Сириядағы соғысқа баруға үгіттегені үшін сырттай тұтқындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Құқық қорғау органдары елде діни экстремизм көріністеріне жол бермеуге ерекше көңіл бөліп отыр. Соған байланысты олар мұндай жайттар анықталған жағдайда дер кезінде әрекет етуге бейімделді. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде әлеуметтік желілерден Қазақстан азаматтарын Сириядағы соғысқа қарулы түрде қатысуға шақыру дерегі анықталды. Бұл дерек бойынша Жансейітов деген азаматқа қатысты "Терроризмді немесе экстремизмге үгіттеу және көпшілікті террористік акті жасауға шақыру" бабымен қылмыстық іс қозғалып, оған тұтқындау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада. Лаңкестікті насихаттаған ер адам әзірше сырттай тұтқындалып отыр. Еске сала кетейік, Сирияда екі жылдан астам уақыттан бері соғыс жалғасып жатыр. Үкіметтік әскери жасақтар мен оппозицияның қарулы топтары арасында текетірестің бітетін түрі жоқ. Соғысқа шетелдік радикал күштер де араласып отыр. Елдің бас мүфтиінің мәліметінше, үкіметтік жасақтарға қарсы 83 мемлекеттен келген 100 мыңнан астам жалдамалы содыр соғысуда. Қақтығыстың салдарынан 115 мыңдай адам қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети