14 наурыз 2014 21:00

СҚО қаржы полициясы басшысы орынбасарының өліміне қатысты екі күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жандос Ахметов. Фото finpol.gov.kz сайтынан алынды. Жандос Ахметов. Фото finpol.gov.kz сайтынан алынды.

Солтүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы бастығының орынбасары Жандос Ахметовтің өліміне қатысты екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Қазақстанның бас прокуратурасына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. "СҚО қаржы полициясы басшысы орынбасарының өліміне қатысты факті бойынша күдікті екі тұлға анықталып, қамауға алынды" делінген Tengrinews.kz редакциясы жолдаған сауал жауабында. Аталған ведомствадағылардың айтуынша, бұл қылмыстық іске байланысты басқа да мәліметтер баспасөзге ұсынылмайды, өйткені тергеу ісі әлі де соңына дейін жеткізілмеген, сондықтан алдын ала таратылған мәліметтер тергеудің объективті жүруіне кедергі келтіруі мүмкін. Еске сала кетелік, СҚО қаржы полициясы бастығының орынбасарын Петропавловскіде 2013 жылдың 24 желтоқсанында кешкісін қаскөй біреулер өлтіріп кеткен. Майорға бес рет оқ атылған, оның біреуі басына тиген. 41 жастағы Жандос Ахметовті өз үйінің подъезінде атқан. Бұл қылмыстық істі ІІМ бірінші орынбасары Марат Демеуов өз бақылауына алған. Кейбір болжамдар бойынша, қаржы полициясын тапсырыспен өлтірген. Осы күнге дейін тергеуге қатысты кез келген ақпарат құпия сақталып келген. Тек Логинов деген күдіктінің фамилиясы бойынша бағыт-бағдар алынғандығы айтылған. Алдында күдікті киллердің фотороботын жергілікті полиция жан-жаққа таратқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети