02 қыркүйек 2014 16:30

СҚО қаржы полициясының экс-бастығы сотта жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vesti.kz ©vesti.kz

Петропавлда СҚО қаржы полициясы бастығының орынбасары Жандос Ахметовтің өліміне қатысты екінші сот тыңдауы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотта аймақтық қаржы полициясының бұрынғы бастығы Нұрлан Шабдар жауап берді. Еске сала кетейік, негізі киллер соны өлтіруді ойлаған болатын, бірақ қателесіп, оның орынбасарын атып кетті. 

Шабдар сотта куәлік еткеннен кейін журналистердің сұрағына жауап берді. "Мені не себепті өлтірмек болғандарын білмеймін. Мені өлтірмек болғандарын тергеу материалдарынан білдім. Махмахановтар отбасын (тергеудің бір болжамы бойынша Махмахановтар отбасы тапсырыс берушілердің бірі болуы мүмкін - Авт.) танымаймын, ол іс туралы Алматыда жұмыс істеген кезде білдім. Айыпкерлер орнында отырғандарды да білмеймін. Егер туысқандық кек алмақ болған болса, бұл қате өштесу деп білемін", - деді қаржы полициясының бұрынғы басшысы.

Шабдар қазір Алматыда туыстарымен бірге тұрып жатыр, Петропавлға сот процесі үшін арнайы келген. Ол өз өмірі үшін қауіптенбейтінін және күзет қызметінсіз жүретінін айтты. Қазіргі уақытта ол қаржы полициясының резервінде.

Еске салайық, тергеудің мәліметінше, 2013 жылдың 24 желтоқсанында киллердің қателігіне байланысты Шабдардың орнына Петропавлдағы өз үйінің подъезінде Жандос Ахметов құрбан болған еді. Бұл іс бойынша сот тыңдауы 29 тамыз күні басталды. Айыпкерлер орнында үш адам отыр - Ресейдің екі азаматы Жамалиев пен Ковалев және қазақстандық Хукиев. Кісі өлтіруге тапсырыс Мәскеуден түскен деп шамаланып отыр. Айыптаушының мәліметінше, күдіктілер өз жұмысы үшін 100 мың доллар алған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети