16 қаңтар 2015 13:01

Солтүстік Қазақстанда бір тәулікте 19 мас жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СҚО ІІД баспасөз қызметі ©СҚО ІІД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында жол-патруль полициясының қызметкерлері бір тәулікте 19 мас жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Солтүстік Қазақстан облысында жол-патруль полициясының қызметкерлері бір тәулікте 19 мас жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Бауыржан Рахимовтың айтуынша, 15 қаңтардан бастап өңірде "Мас жүргізуші - қылмыскер" атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр. "Іс-шараның бірінші тәулігінде полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзу туралы 326 деректі тіркеді. Оның ішінде 19 мас жүргізуші ұсталды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, қауіпсіздік белбеуін тақпай жүрген 77 жүргізушіге хаттама толтырылғаны белгілі болды. 75 жүргізуші рульде отырып, ұялы телефон арқылы сөйлескені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұнымен бірге, полицейлердің мәліметінше, жылдамдықты шегінен асырған 27 жүргізуші ұсталды. Ал жаяу жүргіншілердің тарапынан 7 құқықбұзушылық тіркелді.  

ІІД баспасөз қызметі өткен жылы солтүстікқазақстандық әкімшілік полицейлердің облыс жолдарында мас күйде автокөлік жүргізген 2769 жүргізушіні ұстағанын хабарлап отыр. Олар 26 жол-көлік оқиғасын жасап, оның салдарынан екі адам қаза тапты және 42 адам түрлі деңгейде жарақат алған. "Мас жүргізуші - қылмыскер" атты жедел-профилактикалық іс-шарасы 19 қаңтарға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, Жаңа жылдың екі күнінде Солтүстік Қазақстанда 14 мас жүргізуші ұсталғаны хабарланған болатын. "Екі күн ішінде облыста 295 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді. Олардың көбі қауіпсіздік белбеуін тақпай жүрген жүргізушілер - 72. Көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефон арқылы сөйлескен 60 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жылдамдықты шектен тыс асырған 10 адамға айыппұл салынды. Сонымен қатар, 3 жүргізуші қарсы бағыттағы жол айрығына шығып кеткен. Көлік жүретін жолға қоқыс тастаған 11 адам жауапкершілікке тартылды", - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында. Сонымен қатар, полицейлердің айтуынша, тыйым салынған жерлерде жолдан өтпекші болған 32 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети