08 қазан 2022 08:58

Сот мысықтың басына секірген ер адамға үкім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысыққа қатыгездік көрсеткені үшін ақтаулық ер адам 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотында мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мысыққа қатыгездік көрсеткені үшін ақтаулық ер адам 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотында мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 қазанда Ақтау қалалық сотында Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігі "Жануарға оның мертігуіне алып келген қатыгездікпен қарау" бойынша айыпталған ер адамға қатысты іс қаралды.

4 қазанда сағат 22.00-де сотталушы мысықтың үстіне қасақана секіріп, оны жарақаттаған.

Прокурор сотталушыны 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартуды сұрады. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

"Жануарды өлтіруге әкеп соққан қатыгездік үшін 120 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 30 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылады", - деді сот өкілі.

Сот сотталушының кінәсі жауап алу хаттамасымен, бейнежазбамен және мал дәрігерінің қорытындысымен дәлелденді деп шешті.

"Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп сотталушының кінәсін толық мойындауын, шын жүректен өкінгенін таныды. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен сотталушы 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети