15 қазан 2021 | 12:43

Сот орындаушысын ұрған алматылық сотқа арызданды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда сот орындаушысын ұрған оқиғаға қатысушы Мақсат Ысқақов сотқа арызданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда сот орындаушысын ұрған оқиғаға қатысушы Мақсат Ысқақов сотқа арызданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мақсат Ысқақов әкімшілік сотқа жеке сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп санап, арыз берді. Қалалық соттың баспасөз қызметі істі алдын ала тыңдау 5 қарашаға белгіленгенін хабарлады.

Еске салайық, оқиға 4 қазанда Алматыдағы тұрғын үйді бұзу кезінде болған. Ер адам сот орындаушысының қабырғасынан екі рет ұрған. Сот орындаушылар палатасы ер адам полицейлердің көзінше қызметкерді ұрып-соққанын хабарлады.

Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы осы оқиғаға қатысты сот орындаушылар палатасына жауап берген. Ал жәбірленушінің өзі видео жариялап, соққыға жыққан ер адамды қамататынын айтқан болатын. Бірақ кейін сот орындаушысы жол ережесін сақтамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети