29 наурыз 2017 19:43

Сот Серік Ахметовтің ісі бойынша шығынның көлемін қысқартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазыбек би ауданының № 2 соты Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, қаланың бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов, сондай-ақ, Мұхтар Адамбеков пен Айдос Жакеновқа қатысты өтінішін қайта қарап шықты. Сот шығынның көлемін 17 310 000 теңгеге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазыбек би ауданының № 2 соты Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, қаланың бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов, сондай-ақ, Мұхтар Адамбеков пен Айдос Жакеновқа қатысты өтінішін қайта қарап шықты. Сот шығынның көлемін 17 310 000 теңгеге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жолы Қарағанды әкімінің өтінішін судья Жұмабике Ғалиева қарады. Осылайша, сот мемлекетке келтірілген материалдық шығынның көлемін азайту туралы шешім қабылдап, өтінішті қанағаттандырды.

"Қарағанды қаласының әкімінің Серік Ахметовтың, Бауыржан Әбдішевтің, Мейрам Смағұловтың, Мұхтар Адамбековтың және Айдос Жакеновтың мемлекетке келтірген материалдық шығынын бөліп төлеу туралы өтініші қанағаттандырылсын. Сот алдына келгендерден жергілікті бюджеттің есебіне 17 310 000 теңге өндірілсін", - делінген соттың шешімінде.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілгендердің әрқайсысы 103 806 теңге ретінде мемлекеттік баж төлеуге міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылған болатын, олардың қатарында аса ірі көлемде пара алды (тергеудің тұжырымынша, 2 миллион 400 мың доллар - Автор.), аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, лауазымын асыра пайдаланды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар бар. Ал осыған дейін Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабы бойынша айыпталған еді. Оған "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңды жеке мақсаты үшін бұза отырып, тендерлерде жекелеген фирмалардың мүддесін қорғады деген айып тағылды.

Серік Ахметов 2014 жылы қарашада қамауға алынған болатын. Осыдан кейін қамау мерзімі ұзартылды.

Ал кейінірек Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталған адамның мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғаны хабарланған болатын. "Сотталушының өтініші қанағаттандырылсын. Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аудандық соттың шығарған үкімімен сотталған Дәрібеков Ернар Маратұлы мерзімінен бұрын шартты түрде босатылсын. Екі жылға бас бостандығынан және мемлекеттік мекемелерде 5 жылға дейін қызмет ету құқығынан айырылсын", - делінген соттың қаулысында. Айта кетейік, Дәрібеков 5 шілдеде босатылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети