11 шілде 2015 00:07

Таразда баласын аяусыз ұрып-соқты делінген әйел күтпеген мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©YouTube желісіндегі кадрлар ©YouTube желісіндегі кадрлар

Таразда баласын аяусыз ұрып-соқты делінген Фатима Басманова күтпеген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, оның 7 жасар баласы туралы түсірілген видеоролик жалған, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Қазіргі уақытта келіншек перзентін бейімдеу орталығынан алуға жанталасып жатыр. Себебі ол ішкі тәртіпке бағынбай қиғылық салып жатыр екен. Ал, шешесі болса өзін сүттен ақ судан таза санайды.


Таразда баласын аяусыз ұрып-соқты делінген Фатима Басманова күтпеген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, оның 7 жасар баласы туралы түсірілген видеоролик жалған, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Қазіргі уақытта келіншек перзентін бейімдеу орталығынан алуға жанталасып жатыр. Себебі ол ішкі тәртіпке бағынбай қиғылық салып жатыр екен. Ал, шешесі болса өзін сүттен ақ судан таза санайды.

Әйелдің айтуынша, дауға дүкен сатушылары себеп болып отыр және олар баланың арқасындағы соққының орнына йодты өкірте жағып, адам шошырлық күйге түсірген. Қазір арқасын сүрткесін, бірен-сараң көгерген іздері ғана қалыпты. "Менің ұлымның сөзге тоқтауы қиын. Өз дегенін жасайды. Сосын тәртіпке салуға тура келеді. Шектен шыққасын компьютердің жіңішке сымымен ұрғаным рас. Бірақ, интернеттегідей қанжоса қылғаным жоқ. Өзім көріп таңғалдым. Үтікпен күйдірді дегені де өтірік", - деді Серіктің анасы Фатима Басманова.

Фатима сауда орнының қожайыны әдейі отқа май құйды деп отыр. Өтірік қамқор пейіл танытқан еркек, жалғызбасты әйелге тоқалы болуға ұсыныс жасады делінді. Көңіл жарастырудан бас тартқаннан кейін ол құйтырқы әрекетке барған көрінеді. "Рамазан айында көмек көрсеткен сыңай танытады. Шешемнен қалған пәтерім бар еді, соның құжатын өзі сақтап қоюға сұрады. Мен бермедім.Соған қатты қызықты. Сосын өзімен көңіл қосуды сұрады. Мен қарсылық білдірдім. Әйтеуір айналшықтап шықпайды", - деді ол.

Телеарна тілшілері бұл сұрақта атышулы видеоны түсіріп алған саудагерден де сұрады. Мұны естіген кәсіпкер жағасын ұстап отыр. Ол өзіне тағылған айыпты түгел жоққа шығарды. Келіншекке қарсы жауап айтудан бас тартқан ол, тілшілерге де түсініктеме берген жоқ.

Еске салайық, осыған дейін Таразда соққыға жығылған 7 жасар баланың видеосы Интернетті дүрліктірген болатын. Кадрларда дүкендердің бірінің жұмысшыларының баланың көптеген жарақаттарын таңып жатқаны көрінеді. Ал кадр сыртындағы адамдар баланы шешесі ұрды деп, оның ісін сөгеді. Алайда видеоны түсіріп тұрғандардың бірі баланың ылғи да осылайша жарақаттармен келетінін айтады. Бала болса әлденеден қорқып қалған, өзінің тұрғылықты мекен-жайы мен телефонын айтудан бас тартады.

Видео YouTube ресурсына салынғаннан кейін бірнеше күн ішінде 40 мың рет көріліп үлгерді. Кейін Полиция Таразда соққыға жығылған бала түсірілген видеоға түсінік берді. Полиция өкілдерінің айтуынша, баланы ұрып-соғу дерегі бойынша "Кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттемелерін және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармау, оларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети