21 сәуір 2015 18:18

Теміртауда мектеп оқушысының интим-видеосы үшін білім беру бөлімін жазалау талап етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда сот 13 жастағы қыздың қатысуымен түсірілген интим-видеоны түсірген жасөспірімдерге тиісті бақылау жүргізбеген білім бөлімінің жұмысшыларын жауапкершілікке тарту мәселесін ортаға салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртауда сот 13 жастағы қыздың қатысуымен түсірілген интим-видеоны түсірген жасөспірімдерге тиісті бақылау жүргізбеген білім бөлімінің жұмысшыларын жауапкершілікке тарту мәселесін ортаға салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья жеке қаулысында мектептер мен колледждерде оқитын жасөспірімдер арасында алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Сот Теміртау ішкі істер басқармасының басшысы мен білім беру бөлімінің басшылығына өз міндетін атқармаған құзырлы адамдарға шара қолдануға бір ай мерзім берді. Қолданған шаралар жайында сотқа жазбаша түрде хабарлама жіберу тапсырылды. Еске салайық, осыған дейін мектептің 13 жастағы оқушысы мен колледждің студенттері интим-видео түсірген болатын. Олар 13 жастағы қызды 15 жастағы жігітпен байланысқа түсуін мәжбүрлеп, оқиғаны ұялы телефонның видеокамерасына түсіріп алған. Бұдан кейін жасөспірімдер қызды бопсалап, одан ақша алған. Жасөспірімдер бұл әрекетке әлсіз алкоголь ішімдігін ішіп отырғанда барған.   

Келесі күні қылмыскерлер жәбірленуші қызға келіп, 15 мың теңге талап еткен. Егер ақша болмаған жағдайда олар видеоны Интернетке жүктейтін болған. Қыз өзінде ақшаның жоқтығын айтады. Сол кезде жасөспірімдер қыздың үялы телефонын тартып алады. Бұдан кейін қыз бұл оқиғаны анасына айтып берген. Өз кезегінде анасы құқық қорғау органдарына хабар берді. Нәтижесінде 15 жастағы қыздар мен бір жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысы бар төртінші қатысушының аты-жөні белгілі болды. Ол қылмысты жасырғаны үшін бір жылға шартты түрде бас бостандығынан шектелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети