10 қараша 2014 | 13:30

Тергеу изоляторынан қашып кеткендерге өз еркімен оралуға жеті күн уақыт берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Тергеу изоляторынан қашып кеткен екі адам өз еркімен оралатын болса, оларға еш жаза қолданылмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы түзеу мекемелері қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратура өкілдері айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Тергеу изоляторынан қашып кеткен екі адам өз еркімен оралатын болса, оларға еш жаза қолданылмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы түзеу мекемелері қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратура өкілдері айтты.

Қадағалаушы орган қашқындар жеті тәулік ішінде оралатын болса, оларға кешірім беруге уәде етті. "Егер олар изоляторға жеті тәулік ішінде өз еркімен келетін болса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Бірақ ол үшін олар қашып жүрген уақытында басқа қылмыс жасамауы керек", - деп хабарлады прокуратура өкілдері. Айта кетейік, қашып кеткендердің біреуі тергеу изоляторында әлі 1 жыл 8 ай отыруы керек болған. Екіншісінің үш жыл алты ай уақыты бар. Прокурорлардың айтуынша, қашып кеткен тұтқындарға қатысты ҚР ҚК 358-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне қарасты АК 159/1 тергеу изоляторынан 9 қараша күні екі адам қашып кеткен еді. Тұтқындар қызметтік бөлмелердің бірінің терезесінің торын алып тастап, алдымен изолятордың ауласына өткен, кейін қоршадан секіріп, қашып кеткен. ҚАЖК облыстық департаментінің басшылығы қызметтік тексерісті бастады.

  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети