28 қыркүйек 2015 13:51

ТМРА экс-басшысы Мұрат Оспанов 800 миллион теңге айыппұл төледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Оспанов. © Tengrinews.kz Мұрат Оспанов. © Tengrinews.kz

ТМРА экс-басшысы Мұрат Оспанов миллиардтық айыппұлдың 800 миллион теңгесін төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ТМРА экс-басшысы Мұрат Оспанов миллиардтық айыппұлдың 800 миллион теңгесін төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкіміне сәйкес, 2015 жылдың 13 ақпанынан 2015 жылдың 28 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша сотталған Мұрат Оспановтың мемлекет пайдасына төлеген айыппұлының сомасы - 847 609 252 теңге", - делінген таралған хабарламада.

Ресми мәліметтер бойынша, айыппұлдың әзірше төленбеген сомасы - 253 450 748 теңге. 

Сот биылғы ақпанда Оспановқа 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі жаза кескен болатын. Бұдан кейін осы жылдың наурыз айында Мұрат Оспановқа айыппұлды алты айға бөліп төлеуге міндеттеме қойылды. Бұл шешімді Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты шығарды, сотталушының адвокаттары бөліп төлеу туралы өтінішті осы сотқа білдірген болатын.

Еске сала кетейік, Мұрат Оспанов өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте лауазымға ие болу құқығынан айырылған болатын. Оған тиесілі мүліктің барлығы тәркіленеді. Оның ісін қараған судья Ербол Рахымбеков Қазақстан Президентіне Мұрат Оспановты "Құрмет" ордені мемлекеттік марапатынан айыру туралы ұсыныс келтіру қажеттігін де атап өткен болатын.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов "Атырау Жарық" АҚ үшін электр қуатын беру мен тарату тарифін бекітуде делдал арқылы бопсалау жолымен аса ірі көлемде пара алған деп айыпталды. Пара бергені үшін сотта "Атырау Жарық" АҚ мүддесіне қызмет еткен кәсіпкер Арман Ақтай жауап берді, ол шенеунікке пара беруге мәжбүр болғанын айтты. Соттың шешімімен Ақтай қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети