15 ақпан 2016 17:35

Төрт адамды қағып өлтірген Мұрат Танкеев 9 жылға бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте төрт адамды қағып өлтірген Мұрат Танкеев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қоныс колониясында өтейтін болды. Үкім Шымкенттегі әл-Фараби аудандық сотында бүгін шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот үкімі бойынша, Мұрат Танкеев 345-баптың 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Сонымен қатар, ол 1,5 миллион теңгені зардап шеккен тарапқа моральдық шығын ретінде төлейді, оның үстіне төрт жылға жүргізу куәлігінен айырылды.

Айта кетейік, сотта Мұрат Танкеев өз кінәсін толықтай мойындап, өкінішін білдірді. Алайда, зардап шеккен тарап бұл үкімді тым жеңіл деп санап, үкімге шағым түсіретінін айтты. Ал жүргізушінің тізгінге мас күйде отырғандығы анықталған. 

Еске салайық, Шымкенттегі беделді кәсіпкердің баласы былтыр қараша айында мас күйінде Лексусімен жолдың қарсы бетінде келе жатқан Audi көлігін соққан. Салдарынан, неміс көлігінің ішіндегі бір әулеттің 4 адамы ажал құшты. Оның екеуі - бүлдіршіндер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети