29 шілде 2015 11:20

ҰҚК қызметкерлері Шығыс Қазақстанда терроризмді насихаттаумен айналысты делінген әйелді ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зырян ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері шет елдерде қарулы қақтығысқа қатысуға үндеген делінген әйелді ұстады, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Зырян ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері шет елдерде қарулы қақтығысқа қатысуға үндеген делінген әйелді ұстады, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ШҚО бойынша ҚР ҰҚКД мәліметінше, әйел терроризм мен лаңкестіктің идеяларын белсенді түрде насихаттаған, сонымен қатар Зырян тұрғындарын шетелдерде халықаралық лаңкестік ұйымдардың жағында қарулы қақтығыстарға қатысуға үндепті.  

"Ұсталған әйелге бірнеше бапта қарастырылған қылмыстық әрекетті жасау бойынша күдік келіп отыр. Олар: ҚР ҚК 256-бабының 1-бөлігі, 28-бабының төртінші бөлігі және 257-бабының екінші бөлігі бойынша, яғни терроризмді насихаттау, лаңкестік ұйымның қызметіне қатысуға айдап салу және лаңкестік әрекеттерді құру мақсатында адамдарды үндеу", - делінген ҰҚК хабарламасында. Оның тыйым салынған әдебиетінің, аудио- және видеоматериалдарының тәркіленгені белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети