13 мамыр 2016 14:28

Үстіне зәр шашылған полицей өзін-өзін ұстауы керек еді - Қарағанды облыстық сотының төрағасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nur.kz © nur.kz

Қарағанды облыстық сотының төрағасы үстіне зәр шашылғаннан кейін мас жүргізушіні шапалақпен ұрған жезқазғандық полицейге қатысты шыққан үкім жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облыстық сотының төрағасы үстіне зәр шашылғаннан кейін мас жүргізушіні шапалақпен ұрған жезқазғандық полицейге қатысты шыққан үкім жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшілердің сұрағына жауап берген Мұсабек Әлімбеков сотталған экс-полицейдің ісінің астамшылық болғанын айтты. "Полицей өзін заң аясында ұстай білуі керек. Иә, құқықбұзушы оның үстіне зәр шашты, қызметтік киімін бүлдірді, бірақ бұл оған осындай әрекеттер жасауға рұқсат бермейді. Мұның қаншалықты негізі бар екенін және қаншалықты шындыққа жанасатынын әріптестеріміз апелляциялық процесті қарау кезінде шешеді", - деді Әлімбеков. 

Ал сотталған полицейдің әйелі Президент Әкімшілігіне хат жолдауға ниетті. Ол әзірше апелляциялық соттың уақыты әзірше белгісіз екенін айтты.

"Біз адвокатқа әрдайым телефон соғып жүрміз. Әзірше мен хаттың мәтінін жазбадым, бірақ таяуда жазамын. Күйеуім уақытша ұстау изоляторында, көрісуге де мүмкіндік жоқ", - деді сотталған полицейдің әйелі Мөлдір Байсалова.

Еске салайық, қалалық жол-патрульдік полициясының қызметкері мас жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін сотталған болатын. Жүргізуші қанында табылған алкогольді көрсеткен куәландыру қорытындыларымен келіспей, зәрін сержантқа шашып жіберген. Осы кезде сержант оны шапалақпен ұрған. Кейін жүргізуші қамалып, кепілақымен босатылған. Осыдан кейін 5 жылға сотталған полицейдің әйелі мәлімдеме жасаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети