06 наурыз 2015 10:39

Виктория Ганяны өлтірген адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктория Ганя. Қостанай ІІД баспасөз қызметі Виктория Ганя. Қостанай ІІД баспасөз қызметі

Қостанай тұрғыны Денис Лесников жеті жасар Виктория Ганяны өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Процесс жабық режимде өтті. Еске салайық, Виктория Ганя 2014 жылдың көктемінде қаза болған еді. 31 жастағы айыпталушы қызды өлтіргенін мойындаған болатын. Айта кетейік, оған бұл қылмысты ғана емес, сонымен қатар, тағы үш адамды өлтіргені және ұрлық жасағаны үшін де жаза беріліп отыр. Тергеудің мәліметінше, басқа үш адамды ол 2012 жылы өлтірген. 

Қостанай облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында 26 қаңтарда өткен процессте күдіктінің Виктория Ганяны өлтіргенін және скутерлерді ұрлағанын мойындаған. Мұнымен қатар, ол судьяның тағайындаған адвокаты Галина Малыхтың көмегінен бас тартқысы келетінін айтқан. Лесниковтың айтуынша, заңгер тергеу изоляторында онымен бір де бір рет кездеспеген. Қорғаушы болса, өз кезегінде осы уақыт бойы қылмыстық іспен танысқанын, сондықтан сотталушымен кездесуге уақыты болмағанын мәлімдеді. Сотталушының өтінішін судья қабылдамады.   

Еске сала кетейік, оқушы қызды Рудный қаласында сәуір айының аяғында белгісіз біреу ұрлап әкетті. Бір айдан кейін оның зорлық белгілері бар мәйіті қала сыртынан табылды. Кейін полиция оның өліміне күдікті 19 жастағы мүгедек Владимир Пыжов екенін хабарлады. Ол 18 шілдеде тұтқындалды. Сол кезде прокуратура өкілдері оның өз кінәсін мойындағанын мәлімдеді. Бұдан кейін оның өзіне назар аударғысы келгені анықталды. Ал 2014 жылдың қазан айында 31 жастағы жаңа күдіктінің ұсталғаны хабарланды. Бастапқы кезде ол тонау бойынша айыпталса, кейін ол Виктория Ганяны өлтіргенін мойындады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети