05 қазан 2014 12:37

"Алматы Туры" бәйгесі басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Винченцо Нибали. ©sport-xl.org Винченцо Нибали. ©sport-xl.org

"Алматы Туры" велобәйгесіне қатысушылар жарыс жолын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Спортшылар бәйгені бүгін сағат 11.00-де "Нұрлы тау" бизнес орталығынан бастады. Жалпы "Алматы Туры" жарысында велоспортшылары 31 шақырымнан тұратын алты айналымды басып өтеді. 

Айта кетейік, бұл шараның басты демеушілері Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан велоспорт федерация. Бәйгені тікелей эфирде "Алматы", Kazsport және Eurosport арналары көрсетіп жатыр. Веложарыс өтіп жатқандықтан 06.00 мен 16.00 аралығында Алматыда Шығыс айналма жолы мен Әл-Фараби даңғылындағы жолдар жабылады. 

"Алматы Туры" бәйгесіне әлемге танымал 20 команда қатысып жатыр. Олардың қатарында Astana Pro Team, Katusha, Giant-Shimano, Movistar, Omega Pharma - Quick-Step секілді әлемге танымал ұжымдармен Bardiane Valvole, CCC Polsat и Synergy Baku Cycling Project сынды жарысқа былтыр да қатысқан командалар бар. Бәйгенің басты қонағы Тур де Франс-2014" көпкүндігінің жеңімпазы Винченцо Нибали болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети