02 қазан 2016 15:32

"Алматы туры" веложарысының жеңімпаздары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Дмитриев © Владимир Дмитриев

Қазақстандық велошабандоз, "Астана" командасының спортшысы Алексей Луценко қатарынан үшінші рет "Алматы туры" жарысының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Қазақстандық велошабандоз, "Астана" командасының спортшысы Алексей Луценко қатарынан үшінші рет "Алматы туры" жарысының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Луценко "Vino 4EVER SKO" командасындағы қазақстандық тағы бір велошабандоз Жандос Байжігітпен бірге мәреге бірнеше айналым қалғанда қара үзіп шықты. Соңғы айналым алдында жалпы топ пен олардың арасын үш жарым минуттай уақыт бөліп тұрды. Ақырғы айналымда Луценко жеке дара көш бастап, мәреге дейін жалғыз келді. 

Ол 4 cағат 23 минут 55 секундта мәре сызығын кесті. Екінші болып 3 минут 44 секундта "Unieuro Wilier" командасының өкілі, италиялық Мауро Финето келді. Ал үздік үштікті ресейлік велошабандоз Роман Майкин ("Газпром - РусВело") түйіндеді. 

Айта кетейік, "Алматы туры - 2016" веложарысы өткен жылдағыдай әл-Фараби даңғылының бойында өтті. Дәстүр бойынша жарыс "Нұрлытау" бизнес орталығынан басталды, одан кейін Мұстафин көшесімен өтіп, Шығыс айналма жолынан кері бұрылып, Талғар бағытына түсті. Бір айналым қашықтығы 31 шақырым болса, жарыс жолының жалпы қашықтығы 186 шақырымды құрады.

Еске салайық, "Алматы туры" веложарысының тарихында алғашқы жеңімпаз болып "Астана" командасының мүшесі Максим Иглинский танылды. Одан кейін Алексей Луценко екі жыл қатарынан жеңімпаз атанды. 


© Владимир Дмитриев

Веложарыстың суреттерін мына жерден толығырақ көре аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети