20 маусым 2014 12:48

Алматыда 2022 жылғы Олимпиаданы қолдайтын велошеру өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыруға берілген тапсырысты қолдау мақсатында 21 маусым күні Алматыда велошеру өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыруға берілген тапсырысты қолдау мақсатында 21 маусым күні Алматыда велошеру өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиада-2022 үшін Алматының мүмкіндігі көбейгенін айта кету керек. Экономикалық шығын мен Украинадағы ұрыс әрекеттеріне байланысты өзге үміткерлер кандидатурасын қайтарып алған болатын. Ал Бейжің бұған дейін Жазғы Олимпиаданы өткізіп көрді, оған Қысқы Олимпиада өткізу құқығының беріле қоюы екіталай.

2022 жылғы Олимпиаданы өткізуді қолдауға арналған велошеру 21 маусым күні сағат 08.00-де "Сұңқар" шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенінен басталады. Оған Олимпиада чемпионы, "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров, Pro Team Astana велошабандозы Фабио Ару және қазақстандық паралимпиадашылар да қатысады. Велосипедшілер әл-Фараби даңғылымен Розыбакиев көшесіне дейін барып, одан ары Абай даңғылымен Орталық стадионға келеді. 

Ұйымдастырушылар 2022 жылғы Олимпиаданы өзімізде өткізуді қолдайтындардың бәрін велошеруге шақырады. Жеңімпаздарды қала әкімі Ахметжан Есімов марапаттайды. Велошеруден соң эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Еске салайық, 2022 жылғы Олимпиаданың қайда өтетіні 2015 жылдың 31 шілдесінде мәлім болады.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети