10 мамыр 2014 16:24

Демалыс күндері Жәмішев велосипедпен 70 шақырымды артқа тастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өңірлерді дамыту министрі Болат Жәмішев Өңірлерді дамыту министрі Болат Жәмішев

Қазақстандық шенеуніктер ішіндегі спортқа ең жақыны - Өңірлерді дамыту министрі Болат Жәмішев Жеңіс күні құрметіне өткен веложарысқа қатысты деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстандық шенеуніктер ішіндегі спортқа ең жақыны - Өңірлерді дамыту министрі Болат Жәмішев Жеңіс күні құрметіне өткен веложарысқа қатысты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мен жазда велосипедпен көп жүремін, ал әр жексенбі 60-70 шақырымды артқа тастауға тырысам. Бұл - менің нормам" дейді Жәмішев. Ол бүгін велосипедті жалға алып, жарысқа қатысып жатқандар бұдан кейін осы спорт түріне ынтыға түсетіндігіне үміт білдірді.

"Мен велоспорт инфрақұрылымының тез әрі белсенді дамығандығының жақтаушысымын" деді журналистерге қаратып айтқан сөзінде министр.

Ұлы Отан соғысының 69 жыл толған Жеңіс күніне арнап веложарыс ұйымдастырушы Жәмішев басқаратын Өңірлерді дамыту министрлігі боп табылады.

Веложарысқа Өңірлерді дамыту министрлігінен тыс, Спорт істері және дене шынықтыру  агенттігінің, Қаржы министрлігінің, Экономикалық даму және сауда министрлігінің қызметкерлері, сонымен қатар Олимпиада резервтерін даярлайтын орталықтың спортшылары қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети