07 мамыр 2014 11:31

"Джиро д’Италия": "Астана" сапында бір-ақ қазақстандық велошабандоз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото proteam-astana.com сайтынан алынды Фото proteam-astana.com сайтынан алынды

2014 жылғы "Джиро д’Италия" көпкүндігіне "Астана" сапында бір-ақ қазақстандық велошабандоз қатысатын болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz еліміздің аталған велоклубының ресми сайтына сілтеме жасап.


2014 жылғы "Джиро д’Италия" көпкүндігіне "Астана" сапында бір-ақ қазақстандық велошабандоз қатысатын болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz еліміздің аталған велоклубының ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыдан төрт күн бұрын біз cyclingnews.com сайтында жарияланған, "Астана" велоклубының "Джиро д’Италия" көпкүндігіне қатысатын құрамы жайлы жазғанбыз. Әрине, мәртебелі көпкүндік басталғанша аздаған өзгерістер болатынын білеміз. Велоспорттағы мәртебесі бәрінен жоғары үш көпкүндіктің ("Джиро", "Тур де Франс" және "Вуэльта") тарихында мұндайлар болып тұратынынан да хабардармыз...

Ал кеше отандық электронды басылымдар "Астана" велоклубының "Джиро д’Италия" көпкүндігіне қатысатын құрамын жарыса жариялай бастады. Сол тізімдер бойынша, Максим Иглинскийдің орнына Алексей Луценко бәйгеге түсетіндей еді...

Бірақ кеше кешкісін команда құрамының қайта өзгергенін білдік. "Астана" велоклубының сайты (proteam-astana.com) екі велошабандозымыздың Италия бәйгесіне қатыса алмайтындығын жариялады.

Атап айтқанда, Максим Иглинский мен Алексей Луценко Британия визасын ала алмай, командадан шет қалған. Әрі "Астана" велоклубының Бас менеджері Александр Винокуровтың берген түсініктемесі жарияланған:

Максим Иглинский мен Алексей Луценко Британия визасын алу үшін Париждегі Елшілікке 17 сәуір күні төлқұжаттарын өткізген. Бірақ екі аптадан кейін де ешқандай жауап ала алмады, тіпті төлқұжаттарын да қайтып ала алмады. Ақыры "Джиродан" тыс қалып, үйлеріне де жете алмай, Ниццада отыр. Екеуі де Италия көпкүндігіне арнайы дайындалған болатын. Енді оларды резервтегі велошабандоздар ауыстырады. Екі спортшымыздың бірдей беделді Әлемдік бәйгеге қатыса алмайтындығы өкінішті, әрине. Париждегі Британия елшілігінің жауапсыз тым-тырыс болулары олардың Берлиндегі әріптестерінің қазақстандық Андрей Зейцтің құжаттарын дер кезінде рәсімдеп берулерімен салыстырғанда түсініксіз болып тұр.

Осы ретте айта кетейік, биылғы "Джиро" велобәйгесі Белфасттан (Солтүстік Ирландиядан) бастылып, Ирландия жолдары арқылы Дублинді басып өтіп, содан кейін Италияға оралады.

Енді, proteam-astana.com сайты жариялаған тізімге сүйенсек, "Джиро д’Италия" көпкүндігіне "Астана" сапында мына велошабандоздар бәйгеге түседі:

1. Микеле Скарпони (Италия),
2. Валерио Аньоли (Италия),
3. Фабио Ару (Италия),
4. Борут Бозич (Словения)
5. Яни Брайкович (Словения),
6. Энрико Гаспоротто (Италия),
7. Микель Ланда Меана (Испания),
8. Паоло Тиралонго (Италия),
9. Андрей Зейц (Қазақстан).

Өкінішті, әрине. Болашағына барлық жерлестеріміз үмітпен қарайтын талантты велошабандозымыз – Алексей Луценконың "Джиро д’Италия" көпкүндігіне қатыса алмайтындығы өзегімізді өртейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети