03 мамыр 2014 09:28

"Джиро д’Италия" көпкүндігіне қатысатын "астаналықтар"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет sport-premiere.com сайтынан Сурет sport-premiere.com сайтынан

9 мамырда басталатын 2014 жылғы "Джиро д’Италия" көпкүндігіне қатысатын командалардың құрамдары cyclingnews.com сайтында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


9 мамырда басталатын 2014 жылғы "Джиро д’Италия" көпкүндігіне қатысатын командалардың құрамдары cyclingnews.com сайтында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Велоспорт әлеміндегі мәртебесі бәрінен жоғары үш көпкүндіктің ("Джиро", "Тур де Франс" және "Вуэльта") ішінде ең бірінші жалауы көтерілетіні – осы Италия велобәйгесі.

21 кезеңдік жарыстан тұратын бұл көпкүндік бәйге 1 маусымға дейін созылады. Биылғы "Джиро" көпкүндігінде 22 велоклуб бақ сынайды. Олардың әрқайсысының құрамында тоғыз велошабандоз бар.

"Астана" велоклубы "Джиро" велододасына мына құрамда қатысатын болыпты:

1. Микеле Скарпони (Италия),
2. Валерио Агноли (Италия),
3. Фабио Ару (Италия),
4. Яни Брайкович (Словения),
5. Энрико Гаспоротто (Италия),
6. Максим Иглинский (Қазақстан),
7. Микель Ланда Меана (Испания),
8. Паоло Тиралонго (Италия),
9. Андрей Зейц (Қазақстан).

Өздеріңіз байқап отырғандай, биыл "Джиро д’Италия" көпкүндігіне Винченцо Нибали (Қазақстан) қатыспайды. "Астана" велоклубының серкесіне осы жылы "Тур де Франс" көпкүндігінде топ жару жүктеліп отыр. Нибалидің биылғы басты мақсаты – Франция велододасында сары жейдеге қол жеткізу.

Ал "Джиро д’Италия" бәйгесінде Қазақстан велоклубының үміт артар серкесі Микеле Скарпони болады. Яғни командадағы барлық жігіттер соның жеңіске жетуіне өз үлестерін қосып, Скарпониге көмектеседі.

Жалпы, команда құрамы осал емес. Брайкович, Тиралонго, Гаспоротто сынды тәжірибелі велошабандоздар команданың негізгі күші болулары керек. Фабио Аруға осындай дүбірлі додаларда тәжірибе жинақтап, ысыла түсу қажет. Болашақта өзі де бір командаға капитан бола алатындай – әлеуеті мол спортшы. Сондай-ақ Максим Иглинский мен Андрей Зейц те – соңғы жылдары осындай аламан додаларда шыңдалып, жауапты сындарда сенім артуға жарап қалған жігіттер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети