30 мамыр 2014 14:25

Жеңіс тұғырында – тек Қазақстан велоспортшылары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото astanafans.com сайтынан Фото astanafans.com сайтынан

Велоспорттан Қарағанды тас жолдарында өтіп жатқан Азия чемпионатында мерейіміз тағы да үстем болды. Жасөспірімдер арасындағы аламан бәйгеде жеңіс тұғырын Қазақстан велошабандоздары "жаулап" алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Велоспорттан Қарағанды тас жолдарында өтіп жатқан Азия чемпионатында мерейіміз тағы да үстем болды. Жасөспірімдер арасындағы аламан бәйгеде жеңіс тұғырын Қазақстан велошабандоздары "жаулап" алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінгі жарыстар жасөспірімдер арасындағы 125 шақырымдық аламан бәйгемен басталған болатын. Бұл сында жас велошабандоздарымыз азиялықтарды жүлделі орындарға маңайлатпай, 1-4 орындарды өзара бөлісті.

Григорий Штейн бірінші орынға ие болып, алтынмен апталса, Евгений Гидич екінші орынды еншілеп, күміспен күптелді. Ал Алексей Волошин үшінші орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды. Төртінші орында – Максим Сатликов.

Жас таланттарымыз бұл жетістіктерін өткен жылғы Азия чемпионы, биыл мезгілсіз мерт болған Ерлан Пернебековке бағыштап, оны естеріне түсіруге арнады.

Жасөспірімдер. Аламан бәйге. 125 шақырым.

1. Григорий Штейн
2. Евгений Гидич
3. Алексей Волошин

Дәл қазір кеншілер қаласында бойжеткендер арасындағы 75 шақырымдық аламан бәйге өтуде. Ертең 23 жасқа дейінгі жастар мен әйелдер арасындағы аламан бәйгелер өтеді. Ал қазақ топырағында тұңғыш рет өткізіліп отырған Азия чемпионаты жексенбі күні ерлер арасындағы аламан бәйгемен қорытындыланады.

Әзірше Қазақстан қоржынында 15 медаль (8 алтын, 5 күміс, 2 қола) бар. Мұның жетеуін (4 алтын, 2 күміс, 1 қола) Қарағанды тас жолдарындағы бәйгелерден алдық. Алда әлі төрт аламан бәйге бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети