28 мамыр 2014 11:53

Қарағанды тас жолынан бірінші бұйырған жүлде – күміс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ekaraganda.kz сайтынан Фото ekaraganda.kz сайтынан

Бүгін Қарағандыда велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы бәйгелері басталып, таңертеңгі жарыстарда Қазақстан қоржынына бір күміс түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін Қарағандыда велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы бәйгелері басталып, таңертеңгі жарыстарда Қазақстан қоржынына бір күміс түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жасөспірімдер арасындағы 30 шақырымдық жекелей сында (велошабандоздар жарыс жолына сөреден жеке-жеке жіберілетін бәйгеде) Әлішер Жұмахан екінші орынға ие болып, құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

Оның алдын Корея спортшысы Ким Джихун орап кетіп, қола жүлдені жапон жігіті Кейго Кусаба еншіледі. Ал қазір әйелдер арасындағы 30 шақырымдық жекелей сын бәйгесі өтуде. Бұл сында біздің елдің намысын Маржан Байтілеуова қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, велоспорттан Азия чемпионаты Астанада басталып, кеше ғана Қарағандыға ойысқан. Елордада тректегі бәйгелер өтіп, Қазақстан велошабандоздары "Сарыарқа" велотрегінде өткен құрлық біріншілігінен сегіз медаль (4 алтын, 3 күміс, 1 қола) олжалаған болатын. Енді кеншілер қаласында тас жолдардағы (ашық аспан астындағы) бәйгелер өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети