11 қыркүйек 2014 08:47

Қазақстандық спортшы допинг қолданғанын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Валентин Иглинский. ©astanafans.com Валентин Иглинский. ©astanafans.com

"Астана" велокомандасының шабандозы Валентин Иглинский допинг қолданғанын мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Астана" велокомандасының шабандозы Валентин Иглинский допинг қолданғанын мойындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Иглинскийдің қанынан спортта рұқсат етілмеген эритропоэтин дәрісі табылған. Спортшы допинг бақылаудан 11 тамыз күні, "Энеко Тур" жарысының алдында өткен. Ереже бойынша, Иглинский енді "Б" сынамасын аштыртуына құқығы бар. Ол әзірше жарыстардан уақытша шеттетілген.

Спортшының айтуына қарағанда, рұқсат етілмеген дәрі-дәрмекті ол "Астана" командасының  қызметкерлерімен ақылдаспай ішкен екен. Команда бұл спортшымен бірден келісімшартты бұзды. 

Валентин Иглинский 2010 жылдан бастап "Астана" сапында өнер көрсетіп келеді. 2011 жылы ол көпкүндік "Хайнань Туры" жарысын жеңіп алды. Осыдан бірнеше ай бұрын жылдамдықты асырып, көлікті мас күйінде айдағаны үшін спортшыны Ницца полициясы тұтқындаған. Спортшы сағатына 203 шақырым жылдамдықпен жүрген. Оның қан құрамындағы алкогольдің мөлшері 0,64 промилле болған. Ол кезде тіпті Иглинскийді наша қолданды деп күдіктенген, бірақ бұл ақпарат расталған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети