20 тамыз 2014 16:01

"Тур де Франс" жеңімпазын Владимир Смирнов марапаттайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Astana Pro Team" командасының сапында "Тур де Франс" велокөпкүндігінің 2014 жылғы жеңімпазы атанған Винченцо Нибали Астанаға келеді. Бұл туралы Астана қаласы спорт басқармасының баспасөз хатшысы Жанар Өтешева өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.


"Astana Pro Team" командасының сапында "Тур де Франс" велокөпкүндігінің 2014 жылғы жеңімпазы атанған Винченцо Нибали Астанаға келеді. Бұл туралы Астана қаласы спорт басқармасының баспасөз хатшысы Жанар Өтешева өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Астана" клубы Астанаға келе жатыр! Бірнеше күннен кейін елордаға "Тур де Франс" жеңімпазы, "Астана" командасының капитаны - Винченцо Нибали, сонымен қатар көпкүндіктің 21 кезеңі бойы оны жетелеп келген Микеле Скарпони, Якоб Фульсанг, Дмитрий Груздев пен Максим Иглинский ат басын тіремек", - деп жазды Ж.Өтешева өз парақшасында. Оның айтуынша, "Astana Pro Team" 23 тамыз күні Бурабайда велобәйгеге қатысады. Ал 24 күні өз өнерлерін астаналықтарға көрсетеді. 

Ал Vesti.kz спорт порталының хабарлауынша, 21 тамыз күні Илья Ильин, Александр Винокуров, Владимир Смирнов және Винченцо Нибали елордамыздағы "Астана-Арена" стадионында өтетін "Астана" мен "Вильяреал" клубтары арасындағы Еуропа лигасының плей-офф раундының бірінші матчын тамашалайды. Кездесудің бірінші таймы аяқталған соң "Тур де Франс-2014" көпкүндігінің жеңімпазы, "Астана" велокомандасының капитаны Винценчо Нибалиді марапаттау рәсімі өтеді. Жеңімпазды кеше ғана "Астана" Президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры болып тағайындалған Владимир Смирнов марапаттайды. 

Айта кетейік, Еуропа лигасы плей-офф раундының бірінші раунды аясында ертең "Астана" өз алаңдарында испаниялық "Вильяреал" клубын қабылдайы. Астана уақытымен 21:00-де басталатын бұл кездесуді "Қазақстан" ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бұл екі клуб арасындағы жауапты кездесу 28 тамыз күні Испанияда өтеді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети