27 сәуір 2014 21:42

KazSat-3 спутнигі бар зымыран тасығышты сынау аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Дмитрий Хегай ©Дмитрий Хегай

KazSat-3 телекоммуникациялық спутнигі мен "Луч-5В"  ғарыш аппараты бар "Протон-М" зымыран тасығышын сынау жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Байқоңырдан.


KazSat-3 телекоммуникациялық спутнигі мен "Луч-5В"  ғарыш аппараты бар "Протон-М" зымыран тасығышын сынау жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Байқоңырдан.

Зымыран түгел құрастырылып, ғарыш айлағының №81 алаңының сөре кешеніне орналастырылды. Іске қосу құрылғылары ретке келтірілді, зымыран тасығыш пен жер бетіндегі инфрақұрылымға сынақ жүргізілді. 28 сәуірге қараған түні сынақ нәтижелері мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланады. Содан кейін комиссия зымыран тасығыштың отынын толтыруға және іске қосуға шешім қабылдайды.

Кешенді отынмен толтыру сағат 04.00-де басталуы керек. Аппаратты іске қосу cағат 10.25-ке жоспарланып отыр. Спутник бірнеше сағаттан соң орбитаға шығарылуы тиіс. 

Еске сала кетейік, Қазақстан бұған дейін 2011 жылдың 16 шілдесінде KazSat-2-ні іске қосқан болатын. Ол штаттық режимде жұмыс істеп тұр, оның пайдаланылып отырған мүмкіндіктерінің көлемі 63%-дан асады.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети