24 шілде 2015 | 07:56

NASA "жаңа Жерді" тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kepler-452b ғаламшары. ©Nasa.gov Kepler-452b ғаламшары. ©Nasa.gov

Экзоғаламшарларды іздеуге арналған америкалық "Кеплер" телескопы Аққу мен Лира жұлдыздар шоғырында Жерге ұқсас ғаламшарды анықтады. Бұл туралы АҚШ аэроғарыш агенттігінің сайтында хабарланды.


Иконка комментария блок соц сети

Экзоғаламшарларды іздеуге арналған америкалық "Кеплер" телескопы Аққу мен Лира жұлдыздар шоғырында Жерге ұқсас ғаламшарды анықтады. Бұл туралы АҚШ аэроғарыш агенттігінің сайтында хабарланды.

"Ашылуының 20 жылдық мерейтойында өзге күндердің ғаламшарлары бар екенін дәлелдеген "Кеплер" Күн мен Жерге ұқсас ғаламшар мен жұлдызды тапты. Бұл тамаша нәтиже, оның арқасында біз Жер-2.0 ғаламшарын табуға жақындадық", - деп мәлімдеді NASA ғылыми бағдарламалар жетекшісі Джон Грансфельд.​

Kepler-452b деген атауға ие болған ғаламшар "тірі аймақта" Күнге ұқсайтын өз жұлдызын айналады, яғни ғалымдар онда ақуыз тіршілігі бар деп болжайды. Ол Жерден 60 пайызға үлкен, оның салмағы мен құрамы әзірше белгісіз. Бұл ғаламшарда бір жыл 385 күнге созылады, оның орбитасы Жердің орбитасынан 5 пайызға ұзын.

Жер (сол жақта) мен Kepler-452b ғаламшары.

Ашық ғаламшар өзінің Kepler-452 деген жұлдызынан Жер мен Күннің қашықтығына қарағанда бес пайызға алыста орналасқан. Мамандардың есептеуінше, Kepler-452 жұлдызы Күннен 1,5 миллиард жыл бұрын пайда болған; оның жасы 6 миллиардқа жетіп отыр, оның температурасы Күндікіндей, алайда 20 пайызға жарығырақ әрі диаметрі 10 пайызға үлкен. Kepler-452 жұлдыздар жүйесі Жерден 1400 жарық жылы қашықтықта.

Kepler-452, Kepler-186 жұлдызды жүйелерінің Күн жүйесімен салыстырғандағы көрінісі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети