12 мамыр 2015 13:08

Астана тұрғыны EXPO-2017 көрмесінде роботтар шоуын өткізбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  zastavki.com © zastavki.com

Астана тұрғыны Әнуар Шаймергенов EXPO-2017 көрмесінің шоуына арнап үш робот құрастырмақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, роботтар биіктігімен ерекшеленетін болады - шамамен 2,5 метр.


Астана тұрғыны Әнуар Шаймергенов EXPO-2017 көрмесінің шоуына арнап үш робот құрастырмақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, роботтар биіктігімен ерекшеленетін болады - шамамен 2,5 метр.

23 жастағы робототехниканың әуесқойы бір андроидты құрастырып, оған Квазар деген атау берді. Ол түрлі шараларға аниматор ретінде қатысуға арналған. Тағы үш робот сол қағидатпен Әлемдік көрмедегі шоуға арналып құрастырылады, алайда олардың дизайны өзгеше болады. Автордың қиялынша, қозғалмалы механизм, соның ішінде тегершік сыртқа көрініп тұрады және роботтар "стимпанк" кейпіне енеді.

Олардың электронды бөлшектері одан әрі жетілдіріле түседі, сондықтан Астана тұрғыны жүргізгіш желіні орнату үшін мамандарды шақырмақ. Шаймергеновтің айтуынша, роботтар қозғалып, билеп, ән айтып, қалжыңдай алады. Сондықтан роботтар көрмеде қонақтардың көңілін көтеру үшін қолданылмақ, олар ұжымдық би билеп, ән сала алады немесе стендап-комиктер ретінде өнер көрсетеді. Сонымен қатар, роботтарға қонақтарды қарсы алып, гид ретінде жұмыс істеу тапсырмасы жүктелуі мүмкін.

Бұған дейін, Шаймергенов Квазарды жасауға шамамен төрт ай уақыттың кеткенін айтқан болатын. Оның айтуынша, ол дайын микросхемаларды қолданып, бірнеше ән мен қалжыңды салып, роботты бағдарламалаған. Роботты қашықтан ноутбук арқылы басқаруға болады. Егер оған микрофон қосса, ол адамдармен сөйлесе алады. Роботты құрастырушының айтуынша, Квазар Астанадағы Asia Park ойын-сауық-сауда үйінде шоуға қатысады. Шара Балаларды қорғау күні қарсаңында, 30 мамырда өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети