08 қыркүйек 2015 12:18

ХҒС экипажының мүшелері ғарыштан поляр шұғыласын бақылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter / @StationCDRKelly © Twitter / @StationCDRKelly

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш станциясында өзінің әріптестерімен бірге ғарыштан поляр шұғыласын бақылады. NASA ғарышкері Скотт Келли Twitter-дегі өзінің микроблогына ғарыштағы поляр шұғыласының видеосын салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш станциясында өзінің әріптестерімен бірге ғарыштан поляр шұғыласын бақылады. NASA ғарышкері Скотт Келли Twitter-дегі өзінің микроблогына ғарыштағы поляр шұғыласының видеосын салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің сіздерге арнаған АҚШ-тағы Еңбек күніне тартуым", - деп жазды Келли. Айдын Айымбетов Келлидің жазбасын бөлісті.

Айта кетейік, қазақстандық ғарышкер Twitter желісін белсенді түрде қолданады және ХҒС-дағы жұмыс барысы жайында хабарлап отырады. Бұған дейін Айымбетов ғарышта оның түсіне Жердің кіретінін жазды: "Қайырлы таң, жерлестер мен жердегі тұрғындар! Жерде ғарышты қиялдайтын едім, ғарышта түсіме Жер кіріп жүр. Жұмысты жалғастырып жатырмын. Мақсат көп, уақыт аз", - деп жазды ол. 

Сонымен қатар, қазақстандық ғарышкер "Дастархан-6" ғылыми экспериментін жүргізіп жатқанын хабарлады. "Дастархан-6" экспериментін орындауға кірістім. Бірінші тағам - сублимация түріндегі қазақша ет. (...) Салмақсыз күйде тамақтанған үйреншікті емес. Ет дәмді, бірақ кебіңкі. Сорпа жетіспейді. (...) "Дастархан-6" экспериментін жалғастырып жатырмын. Таңғы асқа - сорпа мен құрғақ сүзбе", - деп жазды Айымбетов Twitter желісінде.

Сонымен қатар, Халықаралық ғарыш станциясы экипажының мүшелері Интернетке Астананың және Каспий теңізінің ғарыштан түсірілген суретін жария етті. Елорданың ғарыштан түсірілген суретін NASA астронавты Скотт Келли Twitter парақшасында жариялады. "Қайырлы таң, Қазақстан! Айдан Айымбетовпен Ғарыш станциясының бортында бірге болған жақсы. Оның жағдайы керемет!", - деп жазды ол. Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов те ғарышта түсірілген суреттерді бөлісті. Ол Twitter парақшасында Каспий теңізінің суретін жариялады.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. Экипажда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон бар. 4 қыркүйекте "Союз ТМА-18М" кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен түйісті. Жоспар бойынша Могенсон мен Айымбетов Жерге 12 қыркүйекте оралады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети