28 тамыз 2014 09:51

Марсқа арналған зымыран 2018 жылдың күзіне дейін ұшырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©americaspace.com ©americaspace.com

АҚШ-тың аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) ғарышкерлерді астероидтерге немесе, тіпті Марсқа жеткізетін зымырандарды 2018 жылдың қараша айына дейін ұшырады, - деп хабарлайды РИА Новости ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме ғарыш кемелерін ұшырудың Space Launch System атты жаңа жүйесі туралы болып отыр. Ол астронавтар мен жүкті Жер орбитасы шегіне жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйені іске қосу - Марсқа жасалатын алғашқы экспедицияның басы. "Біз адамзатты Марсқа жеткізетін ғылыми-адами зерттеулер жолында тұрмыз. Біз бұл жолға әкелетін зымыран тасығыштар мен басқа да көмекші жүйелерді жасау идеясына нық сеніммен қараймыз", - деп мәлімдеді NASA басшысы Чарльз Болден.

Алғашқы сынақ ұшырылымына салмағы 70 тонна болатын шағын жүгі бар зымыран тасығыш пен жалпы салмағы 143 тонна болатын ауыр жүгі бар зымыран пайдаланылады. 70 тонналық зымыран тасығыштың құны 7 млрд доллардан асады. "Біз барлық жұмысты 2018 жылдың қарашасына дейін аяқтай алатынымызды дәлелдегіміз келеді", - деді NASA директорының көмекшісі Роберт Лайтфут.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети