Тараздық ғалымдар инновациялық кәмпит ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздық ғалымдар инновациялық кәмпит ойлап тапты Фото: otdikh-rossiyan.ru

Тараздық ғалымдар тарының талқаны қосылған инновациялық батон-кәмпит жасап шығарды, деп жазады "Мегаполис" газеті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздық ғалымдар тарының талқаны қосылған инновациялық батон-кәмпит жасап шығарды, деп жазады "Мегаполис" газеті.

Отандық ғалымдар батон-кәмпиттеріне осы күнге дейін араластырылып келген жаңғаққа тарының талқанын қосуды ұсынып отыр. Өнертапқыштар бұл ұсыныс өнімнің өзіндік құнының төмендеуінен бөлек, адам ағзасына пайдасы барын да айтып отыр.

Ғалым Бекзада Солтыбаеваның айтуынша, кәдуілгі кәмпиттерде пайдалы минералдар аз болатындықтан, ондағы май түрлері қысқа уақытта өнімнің сапасын төмендетіп, сасып кетуіне әкеп соқтырады екен.

"Сол себептен біз кәмпитке тары талқанын қосуды ұсынамыз. Кәмпит құрамына 25-30 пайыз тарының талқанын қоссақ та ондай өнім дәмділігін жоғалтпайды. Одан бөлек бұл жаңалық тауардың өзіндік құнының төмендеуіне де әсер ететін болады. Мәселен, жаңғақтың бір келісі 1700 теңгеге бағаланса, ал тарының келісі бар болғаны 500 теңге тұрады. Оның үстіне бұл қазақтың ұлттық тағамы болып табылады", - деді Солтыбаева.

Талқан қосылған батон-кәмпиттің дәмі сәл-пәл оң өзгеріске ұшырап, түсі қоңырдан қою-сары түске алмасатын болады. Мұндай кәмпиттерді сақтау мерзімі де ұзармақ. Қарағанды кондитер фабрикасы ұлттың дәмі аңқыған бұл кәмпиттің алғашқы бөлігін шығарып, оларға "Тараздық" және "Мейрам" деген айдар таққан. Тараздық ғалымдар қазірде ол өнімнің құрамын патенттеп, өнімді өндіріске енгізуге ниетті өндірушіні күтіп отыр. Жоба құны 2 миллион теңге. Өнертапқыштардың пікірінше, салған қаражатты бір жарым, екі жылда қайтарып алуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети