17 мамыр 2019 17:42

Алматыда жыл басынан бері 6 адамнан менингококк инфекциясы анықталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kn.ks.ua © kn.ks.ua

Алматыда жыл басынан бері 6 адамнан менингококк инфекциясы анықталған, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Алматыда жыл басынан бері 6 адамнан менингококк инфекциясы анықталған, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осы ретте санитарлық дәрігерлер дене бөртіп, қатты бас ауруы, дене қызуы байқалған жағдайда бірден дәрігерлерге жүгінуге шақырады. Себебі менингококк аз уақыт ішінде-ақ асқынып, тіпті өлімге апарып та соғуы мүмкін дейді олар.

"Менингококкты тек науқас емес, тасымалдаушы адам да жұқтыруы мүмкін. Биыл біз осы инфекцияның алдын алу мақсатында 2 235 адамды өз еріктері бойынша тексердік. Нәтижесінде 6 адамның тасымалдаушы екені анықталып, барлығы оқшауланып, емделді", - дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Менингококк инфекциясы - жұқпалы ауру, ол түрлі клиникалық белгілермен бактериялар арқылы пайда болады - таратушыда белгілері білінбейтін болуы да мүмкін немесе назофарингиттен (мұрын-жұтқыншақ қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) болуы мүмкін. Инфекцияның көзі - ауру адамдар және дені сау таратушылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети