Америкалық дәрігер жылап жатқан нәрестені тез жұбатудың әдісін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық дәрігер жылап жатқан нәрестені тез жұбатудың әдісін анықтады © Youtube.com/Robert Hamilton

Балалармен жұмыс істеуде 30 жылдық тәжірибесі бар америкалық педиатр Роберт Гамильтон (Robert C Hamilton) жылап жатқан нәрестені дереу жұбататын әдіс ойлап тапты. Ерекше тәсілімен ол YouTube видеохостингіндегі өзінің арнасында бөлісті.

Оның айтуынша, нәрестені тыныштандыру үшін оның қолдарын кеудесіне қою керек. Содан кейін баланы 45 градус бұрышпен ұстап, ары-бері тербеген жөн.

Дәрігер бұл әдісті үнемі қолданатынын және әрдайым нәтижелі екенін мәлімдеді. "Мұны нәрестенің жаңа туған кезінен бастап үш айға толғанға дейін қолданған жөн. Сонымен қатар, бұл әдісті шала туған балаларға да қолдануға болады, тек абай болу керек", - деді маман.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети