27 ақпан 2014 12:02

Былтыр дәрігерлердің үстінен 433 қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kazanfirst.ru ©Kazanfirst.ru

Өткен жылы қазақстандық дәрігерлерге қарсы қозғалған 433 қылмыстық істің екеуі бойынша ғана сот үкімі шығарылған, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Байнұр Байгелді айтты. Оның мәліметінше, былтыр кәсіби міндетін тиісінше орындамаған, клиникалық зерттеулер жүргізу, жаңа әдістер мен емдеу құралдарын қолдану тәртібін бұзған, заңсыз жасанды түсік жасаған, науқасқа көмек көрсетпеген, есірткі немесе психотропты зат алу үшін қолдан рецепт жасаған медицина қызметкерлеріне қарсы 433 қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде, кәсіби міндетін дұрыс атқармаған дәрігерлердің үстінен Қылмыстық кодекстің 114-бабы бойынша 412 іс қозғалған, оның 18-і ғана сотқа жолданған және екеуіне қатысты сот үкімі шығарылды. Ал Қылмыстық кодекстің басқа баптары бойынша қозғалған 21 істің бір де бірі сотқа жетпеген. ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаменттің жетекшісі Ілияс Ыспанов екі дәрігерге қатысты шығарылған үкімдер жайлы толығырақ айтып берді. "Бірінші қылмыстық іс бойынша Ақтау қалалық сотының 2013 жылдың 16 мамырындағы үкімімен орталық аудандық аурухананың анестезиолог-реаниматологына кәсіби міндетін тиісті деңгейде орындамай, адам өліміне себеп болғаны үшін өзіне жүктелген міндеттерді орындауға шектеу қоюмен және екі жылға дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айырумен бірге екі жылға бостандығын шектеу жазасы кесілді. Бұған қоса, үкімге сәйкес сотталған адамнан жәбірленушінің пайдасына моральдық шығын есебінде 2 млн теңге өндіру туралы шешім қабылданды", - дейді ол. Екінші қылмыстық іс бойынша Ақтөбе облысында ауылдық аурухананың рентгенолог дәрігері сондай бап бойынша екі жылға сотталып, дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан бір жылға айырылды. ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, өткен жылы 114-бап бойынша 412 қылмыстық іс қозғалған. Олардың 18-і ғана сотқа жолданды. Қылмыстық кодекстің 114-1, 117, 118 және 266-баптары бойынша тағы 21 іс қозғалған, бірақ олардың бір де бірі сотқа жетпеген. Дәрігерлерге қатысты қылмыстық істердің көбі Алматы және Астана қалаларында қозғалған, Алматы бойынша - 18 іс, Астана қаласы бойынша - 46. Қарағанды облысында да дәрігерлерге қатысты 46 қылмыстық іс қозғалған, Оңтүстік Қазақстан облысында - 45, Шығыс Қазақстан облысында - 41, Қызылорда облысында - 38, Павлодар облысында 33 іс қозғалды. Бұған дейін Қазақстанда дәрігер қателігінің қылмыстық жолмен жазаланатын әрекеттер қатарына қосылатыны хабарланған еді. Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында, сонымен бірге, адамды клондауға да қылмыстық жауапкершілік қарастырылып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети