Ғалымдар темекіге тәуелділіктен қалай арылуға болатынын анықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Turist.rbc.ru © Turist.rbc.ru

Темекіні бірден тастау шылымнан біртіндеп бас тартуға қарағанда тиімдірек, - деп хабарлайды The Daily Mirror. Бұл туралы Оксфорд университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Темекіні бірден тастау шылымнан біртіндеп бас тартуға қарағанда тиімдірек, - деп хабарлайды The Daily Mirror. Бұл туралы Оксфорд университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болды.

Доктор Никола Линдсон-Хаулидің айтуынша, тәжірибеге 697 адам қатысты. "Біз адамдарды екі топқа: "бірден тастайтындар" және "біртіндеп тастайтындар" деп бөлдік. Бірінші топтың адамдары бір күнді белгілеп, сол күні темекіден толық бас тартуы керек болды. Екінші топтың адамдары екі апта бойы шылымнан біртіндеп бас тартып жүрді", - деді ғалым. 

Зерттеуге қатысқан адамдардың темекіні тастағанына бір ай өткеннен кейін ғалымдар нәтиже шығарды. Темекіні бірден тастауға бекінгендердің 49 пайызы қайтадан шылым тартпаған. Ал шылымнан біртіндеп бас тартқандардың 39 пайызы оған тәуелділіктен арылған. "Адамдардың көбі темекіге тәуелділіктен біртіндеп арылуды жөн санайды. Дегенмен біз оны бірден тастағанның тиімдірек екенін анықтадық", - деді Линдсон-Хаули.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro