26 қыркүйек 2014 19:17

Қазақстанда 40 жастағылар да остеопорозбен ауыратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанда остеопороз ауруы жасарып барады. Бұрын мұндай дертпен тек егде адамдар ғана ауыратын болса, қазір 40 жастағы әйелдер де осындай сырқатқа шалдығып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан тағамтану академиясының аға ғылыми қызметкері Гаухар Датхабаева мәлім етті. 


Қазақстанда остеопороз ауруы жасарып барады. Бұрын мұндай дертпен тек егде адамдар ғана ауыратын болса, қазір 40 жастағы әйелдер де осындай сырқатқа шалдығып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан тағамтану академиясының аға ғылыми қызметкері Гаухар Датхабаева мәлім етті. 

"Осыдан 20 жыл бұрын остеопороз ауруымен тек 60 жастан асқан кісілер ғана ауыратын болса, қазір жағдай басқаша. Қазақстандық әйелдердің 30 пайызы 40 жаста-ақ осы дертке шалдығып отыр. Оның түрлі себептері бар. Дұрыс тамақтанбау, газдалған тәтті сусындарды, фастфуд өнімдерін көп қолдану, яғни зиянды тамақ жеу және салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау да әсер етеді. Фастфуд өніміне тек бензоат натрий ғана емес, сонымен қатар түрлі бояғыштар, көмір қышқыл газы, дәм шығаратын түрлі қоспалар, фосфор қышқылы қосылады. Ол ағзадағы кальцийді пәрменді түрде шайып жіберіп, сүйектердің жұмсарып кетуіне әкеліп соғады, ал оның арты остеопороз ауруына алып келеді", - дейді Датхабаева. Мұның алдында ол фастфуд пен газдалған сусындарды темекіге теңестіріп, оны 18 жасқа толмаған балаларға сатуға тыйым салу мәселесін көтерген болатын.

Остеопороз дәрігерлері қауымдастығының президенті Гүлжан Ғабдулинаның айтуынша, елімізде 50 жастағы әрбір үшінші әйел және 70-тен асқан ер адамдардың әрбір бесіншісі осы дертпен ауырады. Осы жастағы адамдардың дені сүт өнімдерін көп қолданбайды, себебі ол ағзаға тез сіңбейді деп ойлайды. Сондықтан бұл дертпен науқастанатын адамдар саны ұлғайып келеді. "Осының салдарынан әйелдердің эстроген деңгейі төмендейді, бұл сүйек ұлпасының ыдырауына әкеліп соғады. Әрине, тағы басқа ең үлкен себептерінің бірі егде жастағы адамдардың көбі қозғалысты азайтады. Бұл да кері әсерін тигізеді", - дейді ол. Бұдан бұрын Tengrinews.kz орта статистикалық көрсеткіш бойынша, қазақстандықтар 70 жасқа дейін өмір сүрмейтінін хабарлаған болатын. Қазақстандықтардың ұзақ өмір сүру жасы - 68,41 жылды құрайды. Бұл ретте ер адамдардың орташа өмір сүру жасы - 63,51 болса, ал әйелдердікі - 73,32 жылды құрайды. 

Негізі остеопороз "егде адамдардың ауруы" болып есептеледі.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети