24 қаңтар 2014 10:27

Қазақстандық ғалымдар ағза өсіруді қолға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет vesti.kz сайтынан алынған Сурет vesti.kz сайтынан алынған

Діңдік клеткалар негізінде ағза өсіру қазақстандық медицинаның басты бағытынің бірі болып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтының тілшісіне "Назарбаев университетінің" өмір туралы ғылымдар орталығының бас директоры Жақсыбай Жұмаділов мәлімдеді. Ғалымның айтуына қарағанда, қазіргі кезде шет елдік мамандар өкпе, жүрек, бауыр өсірудің де технологиясын жасап шығарған. Қазақстандық дәрігерлер де балалар ағзасын өсіруге нық қадам жасап отыр. Өйткені, әлем бойынша бұл бағытты әлі ешкім дамыта қоймаған. Оған қоса, Жұмаділов, Назарбаев Университетінің зертханасында балаларға жасанда өкпе жасау технологиясы ойлап табылғанын жеткізді. Алайда, ғалымдар жұмыс барысында заңдық базаның және инфроқұрылымдардың жетілдірілмегендігі сияқты мәселелерге тап болған. "Кез келген бағыт зерделілік потенциалын дамытуды талап етеді. Сондықтан бізде өзге де енгізу, қолдану, мониторинг жасау технологиялыры дамыған болуы қажет"-дейді ғалым. Сонымен қатар, ғалым ағза өсірудың медицина саласында көп ғылыми ізденісті талап ететін бағыт екенін айтады. Сондықтан қазақстандық мамандар Питтсбург, Дьюк, Оксфорд, Кембридж университеттерінен басқа 20-ға тарта ғылыми серктестерді іріктеп алып отыр. Таңдап алынған жоғары оқу орындары-биотехнология саласында қарыштап дамыған білім ордалары. "Алдағы уақытта бұл бағытты енгізу үшін үлкен күш-жігер, инвестиция керек. Қалай болғанда да, бізге оны дамыту қажет. Бүгінгі таңда бізде ғана емес, бүкіл әлемде донорлық ағза тапшы. Сол себепті біз діңдік клеткалы технология мен организмнің жұмыс істеуін қалыпты ұстап тұратын жасанды ағза жасауды ілгерілете беруге тиіспіз", - дейді Ж. Жұмаділов. Тағы бір айта кетерлігі, ағза өсіру Алматыда өткен "Синергия: Ғылым, бизнес және қоғамды бірлестіре отырып" атты форумда "Ғылым және өмір" орталығы баяндамасының басты тақырыптарының бірі болды. Сондай-ақ, ғалымдар нейродегенеративті дертті, Альцгеймер ауруын диогностикалауда қолдануға болатын жасанды зерде жасау үстінде екенін тілге тиек етті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети