05 сәуір 2014 12:49

Мектеп мұғалімінен құрт ауруының ашық түрі анықталды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраудағы мектеп мұғалімдерінің бірінен құрт ауруының ашық түрі анықталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Атыраудағы мектеп мұғалімдерінің бірінен құрт ауруының ашық түрі анықталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұл оқиға қаладағы Исатай Тайманов атындағы орта мектепте орын алған. Қатерлі дертке он жылдық еңбек өтілі бар, тәжірибелі психология пәнінің мұғалімі шалдыққаны анықталған. Әріптестерінің айтуынша, ол ұстаз бұған дейін денсаулығына байланысты ешқашан шағымданбағанын, керісінше үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүрген. Дәл қазіргі уақытта науқас ұстаз облыстық тубдиспансерде ем-дом қабылдап жатыр.

Дәрігер-эпидемиологтар осы жағдайға байланысты науқас-мұғаліммен тығыз қарым-қатынаста болған 150-ге жуық оқушыны тексеруден өткізген. Тексеру нәтижесінде бір ұл баладан ауру белгілілері анықталған. Дәл қазіргі уақытта мектеп ішінде кең ауқымды деинфекция жұмыстары жүргізілуде.

«Санэпидстанция мамандары кеше келіп, ұстаздан туберкулездің ашық түрімен ауырғанын айтқанда, не сенерімізді, не сенбесімізді білмей қалдық. Бір қызығы ол ұстаз бұған дейін медицина кітапшасын аштырмақ түгілі, бірде бір рет жұмыстан сұранған да емес», - деді № 27-ші мектеп директоры Ару Қосымбаева.

Еске саламыз, осы жылдың қаңтар айында Астанадағы бір бала-бақша тәрбиешісінің де құрт ауруына шалқыны анықталған болатын. Сол кезде науқаспен мекемеде бірге жұмыс істейтіндер мен бүлдіршіндер тексеруден өткент еді. Ол уақытта бала-бақшадағы бірде бір тәрбиеленушіден құрт ауруының белгілері табылмаған. Осы жағдайдан кейін еліміздегі білім беру мекемелеріне жұмысқа қабылданатын ұстаздар мен тәрбиешілер қатаң тексеруден өткізілетін болып жүр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети