04 қыркүйек 2014 10:51

Тұқымбергіш еркекті қолына қарап тануға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mirror.co.uk © mirror.co.uk

Сеул ұлттық университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, ұрығы мол ер адамды оның қолына қарап білуге болатынын анықтады. Бұл туралы Wiley Online Library журналы хабарлады. 


Сеул ұлттық университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, ұрығы мол ер адамды оның қолына қарап білуге болатынын анықтады. Бұл туралы Wiley Online Library журналы хабарлады. 

Ғалымдардың айтуынша, ер адамның оң қолының ортаңғы саусағы мен аты жоқ саусағының ұзындығы арқылы оның аталық ұрық безінің көлемін анықтауға болады. Егер кімнің төртінші саусағы ортаңғы саусақтан үлкен болса, онда оның аталық безі де ірі болады. Ал егер, керісінше, ортаңғы саусақ аты жоқ саусақтан ұзын болса, онда оның бездерінің көлемі кішірек болады.

Бұл ғылыми экспериментке 20 мен 69 жас аралығындағы 172 корей азаматы қатысқан. Олар урологиялық хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Зерттеуші ғалымдар алдымен әрбір қатысушының екінші және төртінші саусақтарының ұзындығын өлшеп шыққан. Осыдан кейін тәжірибелі тәуелсіз уролог олардың бездерінің көлемін өлшеді.

Сондай-ақ ғалымдар адамның жасы мен бойының ұзындығы аталық бездерінің көлеміне соншалықты әсер етпейтінін анықтаған. Бұған дейін ғалымдар ер мен әйел адам саусағының ұзындығы олардың тартымдылығының көрсеткіші бола алатыны анықтаған еді. Егер әйел адамның ортаңғы саусағы төртінші саусағынан ұзын болса, онда оның бет әлпеті де сүйкімді көрінеді. Ал ер адамдарда, керісінше, егер төртінші саусақ ортаңғысынан ұзын болса, онда оның әйелдер арасында беделі жоғары болмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети