22 шілде 2019 10:00

Әблязовтың ұлы даулы "алтын виза" алушылар тізіміне енді

© Reuters © Reuters

Ұлыбританияда "алтын виза" алушылар арасында дау туды. Ұлыбританиялық The Sunday Times және "Четвертый канал" журналистік тергеу жүргізіп, қалталы шетелдіктер Ұлыбритания куәлігін табыс көздерінің жарты бөлігінің қалай келетінін жергілікті билік өкілдерінен жасыра отырып ала алады, - деп хабарлайды Forbes.


Ұлыбританияда "алтын виза" алушылар арасында дау туды. Ұлыбританиялық The Sunday Times және "Четвертый канал" журналистік тергеу жүргізіп, қалталы шетелдіктер Ұлыбритания куәлігін табыс көздерінің жарты бөлігінің қалай келетінін жергілікті билік өкілдерінен жасыра отырып ала алады, - деп хабарлайды Forbes.

Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін тілшілер үш ай бойы тәжірибе жүргізген. Зерттеу нәтижесінде фильм түсіріліген, ол бүгін, 22 шілдеден бастап Тұманды Альбионның телеэкрандарында жарыққа шығады. 

Ұлыбританиялық "алтын визаны" алушыларға инвестициялық визаларды алу жөніндегі консультациялық қызмет ұсынатын компаниялардағы делдалдар көмектескен. Бұл кеңесшілер жасырын камераға түсіп қалған. 

Олар жасырын қызмет еткен The Sunday Times тілшісіне "алтын визаны" алуға Муамар Каддафидың отбасы мүшесі, тай үкіметінің мысырлыққа пара берді деп айыпталған жемқор министрдің және Анголаның әскерімен келісім жасауы мүмкін деген шенеуніктің ұлына көмектескендерін айтты.  

Сондай-ақ, олар бизнесі батыс санкцияларына ұшыраған Иран мен Ирактың кәсіпкерлеріне көмектескенін айтқан. Зерттеу жүргізгендердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексерушілерден өту ең жеңіл іс болғанын мәлімдеді.

Ұлыбритания "алтын визаны" үкімет экономикасына екі миллион фунт қаржы салған кәсіпкерлерге береді. 2008 жылдан бері мұндай құжатты 11 мың адам алған. Олар Ұлыбританияда тұрып, толық азаматтық алу үшін өтініш қалдыра алады.

The Sunday Times хабарлауынша, бұл құжатты алғандардың қатарында посткеңестік кеңістік адамдары да бар. 

Замира Гаджиева - Әзербайжанда сотталған кәсіпкер Джахангир Гаджиевтің әйелі. Ол Ұлыбританияда заңсыз алынған қаражатты заңдастыру үшін тұтқындалған алғашқы шетелдік тұлға. 

2012 жылы 43 жасында аяқасты жүрек тоқтауынан қайтыс болған "Магнитский ісі" бойынша Ресейлік бизнесмен және информатор Александр Перепеличный. 

Лондонда 62,5 милллиона фунтқа үй сатып алған Украиналық олигарх Геннадий Боголюбов. Ол (магнат Игорь Коломойскиймен бірге) украиналық "ПриватБанктың" қатысуымен жасалған банктік алаятықтар мен қылмыстық транзакциялар жасағаны үшін айыпталған. 

Қазақстандық қашқын банкир Мұхтар Әблязовтың ұлы - Мадияр Әблязов. 

"27 жасар қазақстандық инвесторлық визаға 2008 жылы студент болып жүрген кезінде банк активтерін ұрлау және миллиардтаған фунт мөлшеріндегі қаражатты заңсыз қолданғаны үшін айыпталған саясаткер Мұхтар Әблязовтың көмегімен төлеген. Әблязовтың айтуынша, оған қарсы жасалған айыптар саяси тұрғыдан негізделген", - дейді ұлыбританиялық газет тілшілері.


© The Sunday Times

2017 жылдың шілдесінде британдық The Guardian Мадияр Әблязов британдық құжатты 2013 жылы инвесторлық визаға өтініш беріп, әкесі Мұхтар өз атынан Швейцария банкіне бір миллион фунт стерлингтен салғаннан кейін алған. 


Мадияр Әблязов. © The Sunday Times

Сенбіде, 20 шілдеде Қауым палатасының депутаты Маргарет Ходж визаны берудің мұндай тәсілін қабылдаудан бас тартуға шақырды. 

"Біз елімізге лас ақшаларды енгізіп отырмыз. Оның есебінен біз ешқашан Ұлыбритания экономикасын нығайта алмаймыз" - дейді ол.

2018 жылдан бастап, "қылмыстық қаржыландыру" туралы заңға сәйкес, Ұлыбритания билігі "белгісіз шыққан қаражат сұрауларын" Еуропа Одағынан тыс жерлерден иеленіп, Ұлыбританияда тұратын тұлғаларға бере алады. Бұл механизм билікке меншік иелерінен өз активтерінің 50 мың фунттан астам сомасын қайдан алынғанын түсіндіруін талап етуге мүмкіндік береді. Егер меншік иелері активтерді заңды екенін дәлелдемесе, бұл активтерді тұтқындауға болады. Ұлыбритания билігі бұл механизмге тек үш рет ғана жүгінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети