05 қараша 2014 21:40

"Астана Опера" театры Бельгиядағы концертін сәтті өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©astanaopera.kz ©astanaopera.kz

"Астана Опера" театры Бельгиядағы концертін сәтті өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. қарашаның 4-і күні Антверпендегі Stadsschouwburg  залында өткен "The Best of Opera": Верди-Мусоргский-Абай" бағдарламасын тыңдаған кәсіби музыканттар қазақстандық әртістердің еңбегін жоғары бағалады


"Астана Опера" театры Бельгиядағы концертін сәтті өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. қарашаның 4-і күні Антверпендегі Stadsschouwburg  залында өткен "The Best of Opera": Верди-Мусоргский-Абай" бағдарламасын тыңдаған кәсіби музыканттар қазақстандық әртістердің еңбегін жоғары бағалады

Концерт Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен Еркеғали Рахмадиевтің "Құдаша Думан" күйімен ашылды. Одан кейінгі нөмірде  театрдың жетекші әншісі Дина Хамзина мен Байғали Момбеков Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди бірігіп жазған "Абай" операсынан үзінді орындады.

Одан бөлек астаналық театрдың негізгі әншілері Жұпар Ғабдуллина, Медет Шотабаев пен Барсег Туманян есімі әлемге әйгілі композитор Джузеппе Верди, Камиля Сен-Санса, Джакомо Пуччини мен Вольфганг Моцарттың ұлы туындыларын бірінен соң бірін орындады. Концерттің бірінші бөлімі "Астана Опера" театрының негізгі шығармасы ретінде Джузеппе Вердидің "Аида" операсы театр әртістерінің бірігіп орындауында шырқалды.

Ал екінші бөлімде қазақ, орыс және еуропалық әуендер орындалды. Атап айтқанда, сахнада Мұқан Төлебаевтың "Біржан-Сара", Төлеген Мұхамеджановтың "Толғау" күйі, Модест Мусорскидің "Борис Годунов" операсынан Коронации сценасы, "Турбадур" операсынан Азученнің монологы, "Ромео мен Джульетта" операсынан Джульетте вальсы мен "Князь Игорь" операсынан Половецский стан сценасы орындалды.

"Астана Опера" театрының директоры Төлген Мұхамеджановтың шығармаларды іріктеуде кездейсоқтық орын алмаған атап өтті. "Мәселен, біздің ұжымға түрлі бағдарламада жұмыс істеген ұнайды. Себебі біз әр залға бөлек бөлек дайындаламыз. Әлемдік турне тізіміне кірген опералық алаңдар өзіндік ерекшеліктерге ие және олардың талғамы әртүрлі. Бұл концерттің басты ерекшелігі мұнда бұрындары бізбен бірге концерттерге шықпаған әртістер де қатысып отыр. Қатарымызға театрымыздың әншісі, Армения халық әртісі Барсег Туманян айтсақ та жетіп жатыр", - деді Мұхамеджанов. Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Алмас Хамзаев "Астана Опера" театрының қойылымдары бельгиялықтарға Қазақстанды басқа қырынан танытуға мүмкіндік бергенін айтты.

"Астана Опера" театрының концертіне қатысқан Еуропарламент депутаты, Латвия филармониясы және Латвия ұлттық хордың экс-директоры Ивента Григуле қазақстандық өнерпаздардың туындыларын тамсана отырып тыңдағанын айтты. "Жаңа "Астана Опера" театрының есігін ашқаныма қуанамын. Осы концертке қатысқан барша өнерпаздарға айтар алғысым шексіз. Хор, оркестр, әншілер - барлығы жоғары деңгейде қойылды. Қазақстандық ұжымды тағы да көргім келеді", - деп өз ойымен бөлісті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети